Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Семей көшелерін су басты

Сұқбат
Семей көшелерін су басты

Семейде еріген қардың салдарынан қала көшелерін су басты. Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су тартылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Жергілікті атқарушы органдар күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, «Теплокомэнерго» МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды. Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аймақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді. Арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су тартылды», - делінген ақпаратта.

Жұмыстарға ЖАО, ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылды. 

Жергілікті атқарушы органдары және ТЖД күштері қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу