Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Семей орманында шөбі өртене жаздады

Қоғам
Семей орманында шөбі өртене жаздады

Абай облысында орман аумағында от тұтатқан адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәліметінше, Абай облысының Өртке қарсы қызметіне «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалының Орталық орманшылығы аумағында орман жамылғысы аймағында от тұтанғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына өңірдегі ТЖД күштері мен құралдары және «Семей Орманы» МОТР қызметкерлері келгеннен кейін жалпы ауданы 0,03 га құрғақ шөптің өртенгені анықталған.

Іздестіру іс-шараларымен кінәлі адам да табылған.

Трактор иесі Боровлянка ауылының тұрғыны ҚР ӘҚБтК 367-бабы 3-бөлігі бойынша 184 600 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу