Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Семейде зейнеткер екі полицейдің көлігін өртеп жіберген

Оқиға
Семейде зейнеткер екі полицейдің көлігін өртеп жіберген
Фото: видеодан кадр

Семей қаласында полиция қызметкерлеріне тиесілі екі автокөліктің өртелуіне қатысты оқиға қазақстандық интернет кеңістігінде қызу талқылануда. Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы мен өрт қоюға түрткі болған ықтимал себеп туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 2026 жылғы 25 қаңтарда Юность шағынауданында учаскелік инспекторлар бұрын сотты болған, 66 жастағы жергілікті тұрғынды анықтаған. Ол мас күйде болған.

«Ер адам сырт келбеті ұқыпсыз болып, қоғамдық тәртіпті бұзған, агрессивті әрі өз-өзін адекватты ұстамаған», – деп нақтылады ведомство өкілдері.

Ол учаскелік полиция пунктіне жеткізіліп, қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылған.

Құжаттар рәсімделгеннен кейін ер адам туыстарына тапсырылып, босатылған.

Алайда полицияның әрекетіне келіспеген ол учаскелік инспекторларға тиесілі, полиция пункті маңында тұрған екі автокөлікті әдейі бензин құйып өртеп жіберген.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды және өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта оны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде», – деп хабарлады Абай облысы ПД баспасөз қызметі.

Тергеу жалғасып жатыр. Ер адамның әрекеттері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес бағаланатын болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу