Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шерзат Болаттың ісі бойынша тергеу аяқталды

Қоғам
Шерзат Болаттың ісі бойынша тергеу аяқталды

Шерзат Полаттың ісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаттары мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жәбірленуші тарап –  Шерзат Болаттың отбасының адвокаты Карина Көшербаеваның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу аяқталған. 

17 қаңтарда Шерзаттың өліміне қатысты қышлмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы бізге тергеуден хабарлама келді. Енді біз қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаймыз, дейді Карина Көшербаева. 

Еске салсақ, 2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген.

12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Бұған дейін Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реимова елде қалатын болғаны туралы жазған едік.

Фото: ашық дереккөз 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу