Астанаға жеткізілген бес науқастың барлығы ауыр халде, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Malim.kz. BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, бір науқастың жоғарғы тыныс жолдары күйіп, көмей ісінуі салдарынан тыныс алу қиындаған. Жағдайы өте ауыр, қажет болса трахеостомия жасалуы мүмкін.
Екінші науқастың денесінің шамамен 35%-ы күйген. Күйіктер бетінде, қолдарында, мойын мен иық тұсында орналасқан, кей жерлерінде үшінші Б дәрежелі ауыр күйік бар.
Қалған зардап шеккендер күйік ауруына байланысты травматикалық шок жағдайында. Терінің қорғаныс қабаты бұзылғандықтан, олар инфекция мен температуралық әсерлерге өте осал. Интоксикация бүйрекке зиян келтіруі мүмкін, қажет болған жағдайда гемодиализ қолданылуы ықтимал.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастарды емдеу бірнеше айға созылатын ұзақ әрі кезең-кезеңімен жүргізілетін процесс болмақ.
Бұған дейін ТЖМ басшысы зардап шеккендердің жағдайын біліп, оларға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырған еді.