freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Төтенше жағдайлар министрі 7 адам қаза тапқан жарылыс орнын көрді

Қоғам
Төтенше жағдайлар министрі 7 адам қаза тапқан жарылыс орнын көрді
ТЖМ

ТЖМ басшысы зардап шеккендердің жағдайын білді және оларға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бурабай ауданында болған өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен ведомствоаралық комиссия жұмысын жалғастырып жатыр.

Щучинск қаласына жұмыс сапары аясында Төтенше жағдайлар министрі генерал‑лейтенант Шыңғыс Әрінов оқиға орнына барып, төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысымен танысып, жедел және шұғыл қызметтердің басшыларының баяндамаларын тыңдады.

ТЖМ басшысы өрттен зардап шеккен азаматтар емделіп жатқан Бурабай ауданының ауруханасына барды. Министр пациенттер мен медициналық персоналмен әңгімелесіп, олардың жағдайы мен емделу процесімен танысты. Барлық пациентке қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатқаны және олардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында екені атап өтілді.

Министр жауапты тұлғаларға зардап шеккендерді сапалы емдеп, тиісті күтім және жан-жақты қолдау көрсету, сондай-ақ олардың отбасыларына қажетті психологиялық көмек көрсету жөнінде тапсырма берді.

Аудандық әкімдікте жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің, денсаулық сақтау жүйесі мен құқық қорғау құрылымдарының өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Кездесу барысында зардап шеккендер мен олардың отбасыларына одан әрі қолдау көрсету, сондай-ақ осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында елімізде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту шаралары мәселелері қаралды.

Ведомствоаралық комиссия жұмысы жалғасуда. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің тұрақты бақылауында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Щучинскідегі кафеде газ қоспасы жарылып, 7 адам көз жұмған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу