freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Щучинскідегі қайғылы оқиға: кінәлілер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Құқық
Щучинскідегі қайғылы оқиға: кінәлілер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
видеодан скриншот

Щучинскте "Центр плова" кафесіндегі жарылысқа кінәлілерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеп Malim.kz.

Ақмола облысы ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекске сәйкес, мұндай қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, 26 ақпанда кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйге жалғасқан бір қабатты кафеде "газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, кейіннен өрт шыққаны" тіркелген. Сол кезде алты адам қаза тауып, 20-ға жуық адам зардап шеккені хабарланды.

ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына жеткеннен кейін өртсөндірушілер жанып жатқан ғимараттан сегіз газ баллонын алып шығып, 10-нан аса адамды құтқарған. Өрт сөндіріліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқаны айтылды.

27 ақпанда барлығы 26 адам зардап шеккені, соның ішінде 7 адам қаза тапқаны (оның бірі - 16 жастағы қыз) белгілі болды. 13 адам Бурабай аудандық ауруханасына, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілген.

Ақмола облысы ТЖД-де 8 (7162) 514-298 нөмірі бойынша жедел желі ашылды.

Жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны айтылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу