38 жастағы әнші Диас Аблаев неге үйленбей жүргенін түсіндірді

Ол адамға тез бауыр басатынын жеткізді.

Сабина Асқарқызы

  • 09.12.2024

Қазақстандық әнші Диас Аблаев Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұрақтарға да жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі өзінің жалғыз екенін жасырмады.

Иә, жалғызбын. Кейде осылай ыңғайлы, кейде қолайсыз – әртүрлі. Бірақ мен кішкентайымнан жалғыздыққа үйренгенмін. Өзіммен өзім жүре беремін, соған үйреніп қалғанмын. Бірақ кейде жаныма жақын адамның қажеттігін сезінемін, - деді Диас.

Ол өзіне «қашан үйленесің, Нағима Есқалиеваға немере керек» деген сөздер жиі айтылатынын да алға тартты.

Сәуірде қарым-қатынасыма нүкте қойылды. Айырылысу маған өте ауыр соғады. Біреумен кездесу, үйленудің маған қиын болатыны да сондықтан. Мен өзімді толықтай сезімге арнаймын, жанымдағы адамнан да дәл соны талап етемін, бірақ олай болмай шығады. Сонан соң айырылысамыз. Мейлі, үш жыл бола ма, бір ай бола ма, қатты қиналамын. Адамға тез бауыр басамын. Сол үшін де ауыр, - деді Аблаев.

Фото: YouTube/Timur Balymbetov 

Байланысты жаналықтар

«Әкем есікті жауып кетіп қалды». Нағима Есқалиеваның баласы ата-анасының ажырасуы туралы айтты

09.12.2024

MalimCinema. «Өтелмеген парызда» өлшем бар ма?! 

20.03.2021
MalimBlocks
«Әкем есікті жауып кетіп қалды». Нағима Есқалиеваның баласы ата-анасының ажырасуы туралы айтты

Ол бұл туралы айту әлі де қиын екенін алға тартты

MalimCinema. «Өтелмеген парызда» өлшем бар ма?!