«Антикор іздеп жатыр»: Сиви Махмуди экс-күйеуімен байланысы туралы айтты

Әншінің экс-күйеуіне іздеу жариялағаны белгілі

Сабина Асқарқызы

  • 28.10.2024

Қазақстандық  танымал әнші Сиви Махмуди бұрынғы жолдасы Аңсар Қажымұқанұлына қатысты таралған ақпарат туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті әншінің экс-күйеуіне іздеу жариялағаны белгілі. Әнші бұрынғы күйеуін 4 жылдан бері көрмегенін айтады.

«Соңғы жаңалықтарды естіген шығарсыздар. Өзім де шок болып отырмын. Бұрынғы күйеуім екеуміз ресми түрде 2017 жылы ажырасып кеткенбіз. Бірақ 2020 жылы соңғы нүктені қойып, мәңгіге екі жаққа кеттік. Содан бері бір рет те хабарласып, көріскен емеспіз. Қазір барлық жаңалықтарда менің атым аталып жатыр. Өкінішке қарай, ол өзі ешкім емес болып тұрғаны ғой. Барлық жерде Сивидің бұрынғы жолдасы деп шулап жатыр. Менің атымды қолданбаса да болар еді», - деп жазды әнші.

Айта кетейік, әншінің бұрынғы күйеуіне 21 қазаннан бастап іздеу салынған.

Байланысты жаналықтар

Сиви Махмудидің экс-күйеуі сотталды

22.04.2025

Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуін Антикор іздеп жатыр

23.10.2024
MalimBlocks
Сиви Махмудидің экс-күйеуі сотталды

Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұқанұлына қатысты сот үкімі шықты

Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуін Антикор іздеп жатыр

Әншінің бұрынғы күйеуіне 21 қазаннан бастап іздеу салынған