Бағлан Әбдірайымов өміріндегі ең үлкен өкініші әкесімен байланысты екенін айтты

Әнші өзегін өртеген өкінішін басу үшін бөтен біреуге қымбат сыйлық та жасаған.

Сабина Асқарқызы

  • 07.08.2024

«Жігіттер» квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов әкесінің өтінішін орындай алмағаны өміріндегі ең үлкен өкініші екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Ұрпақ» подкастында қонақта болған өнер иесі әкесінің көзі тірісінде сұраған көлігін алып бере алмағанына өкінеді екен. Ол әкесінің денсаулығына қатты алаңдағандықтан да темір тұлпар сыйламағанын алға тартты.

Өмірімдегі өкінішімнің үлкені – әкемнің өтінішін орындай алмадым. Пендешілікке салынып жүріп алыппын. Әкем өмірен өтер алдында «асты биік көлік әперші, мініп жүрейін» деп өтініш айтқан еді. Оның көзі нашар көретін. Көлік әперсем, бірдеңе болып қала ма деп қорықтым. Бірақ туған күні жақындап қалған еді, қарындастарымызбен ақылдаса келе сұрағанын алып берейік деп шештік. Бірақ әкем о дүниелік болып кетті. Адамның емес, құдайдың дегені болады екен. Туған күніне жетпей, таңертең шай ішіп отырып, анама «қан қысымымды өлшеші» деп кереуетте отырған күйі күліп жүріп кете салды. Қатты өкіндім. Сол «әттеген-айды» қалай басамын деген ой маза бермейтін. Өкінішімді басу үшін денсаулығы мүлдем жоқ азаматқа Алланың разылығы үшін көлік сыйладым, - деді әнші. 

Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген