«Киноға түскім келмейді». Рүстем Жаныаманов өнерден кететінін айтты

Актер көпшілікке «Келінжан» сериалы арқылы танылған.

Сабина Асқарқызы

  • 10.01.2025

Отандық танымал актер Рүстем Жаныаманов өнерден кетіп, басқа салаға бет бұруды жоспарлап жүр. Бұл туралы актердің өзі Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Жалықтым дегеннен Құдай сақтасын. Бірақ қазір Жанарға «кәсіпке қарай бет бұрғым келеді» деп көп айтып жүрмін. Өнерден кету ойда бар және ол солай болатын сияқты. Меніңше, өле-өлгенше өнерде жүрген дұрыс емес сияқты. Басқа саланы көру керек. Балалар өсіп келе жатыр. Оқыту керек, оңай емес. Өнерді сағынбаймын, қоштасуға дайынмын, деді Рүстем Жаныаманов.

Өнер иесі актер болудың да қиын тұстары көп екенін алға тартты. Сондықтан болашақта кадрдан тыс жұмыс істегісі келеді екен.

Жанарға кино бітсе, әлем аралауға кетейікші деп отырмын. Мұны да маған Жанар үйретті. Өзіміз бірнәрсе өндіріп шығарғымыз келеді. Мысалы, кітап, кино. Бірақ кадрдан тыс болғым келеді. Киноға түскім келмейді. Қазір кетпеймін, шамамен 40 жасыма дейін осы салада боламын. Өмірімде бір нәрсені өзгерткім келеді. Актерлердің проблемалары маған мәлім. Олардың ұйқысы дұрыс емес, сүйектері, белі ауырады, деді актер.

Фото: instagram.com/zhanyamanov_rustem 

Байланысты жаналықтар

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Кинотеатрлардағы фильмдер мазмұнына бақылау күшейеді

10.04.2025

Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

08.04.2025

«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

08.04.2025

6 ай қалды: Қожаны сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың қандай ауруға шалдыққаны белгілі болды

05.04.2025

Қазақстандық танымал актер қамауға алынды

04.04.2025
MalimBlocks
«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Кинотеатрлардағы фильмдер мазмұнына бақылау күшейеді

Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

Ол Нұрлан Әлімжанмен вальс билеген видеосын жариялады.

«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

Ол бойжеткеннің болған оқиғадан соң неліктен араға екі ай салып арызданғанын түсінбейтінін айтты.

6 ай қалды: Қожаны сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың қандай ауруға шалдыққаны белгілі болды

"Менің атым Қожа" фильмінің басты кейіпкері ауыр дертке шалдыққан

Қазақстандық танымал актер қамауға алынды