"Көрікті қыз екен". Жахан Отарғалиевтің видеосы қызу талқыға түсті
Актер бейтаныс бойжеткенмен видео жариялады.
Отандық актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында бейтаныс арумен түскен видеосын жариялап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.
Былтыр әнші Балжан Бидашпен ажырасқан Жаханның видеода белгісіз бойжеткенмен отырғанын көруге болады. Ол желіде танымал болған трендті түсірмекші болған. Алайда жаныдағы қыз бала актердің айтқанын түсінбей, ойлағаны жүзеге аспай қалды.
Ал желі қолданушылары Отарғалиевтің өмірінде жаңа кезең басталғанын болжап, екеуіне бақыт тіледі.
"Көрікті қыз екен. Бағалаңыз", "Сүйіктіңіз бе? Қашан таныстырасыз?", "Қасындағы қыз тым сүйкімді екен", "Екеуі жараспайтын сияқты", "Түк күлкілі емес. Ер адам деген салмақты болу керек", "Әрекеттері ұнамайды. Бір тентек жас бала секілді", "Бақытты болыңыздар. Әдемі ару екен", "Әр адам бақытты болуға лайық", - деп жазды оқырман.
Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev