«Өмір-ай, көрсетпегенді көрсеттің-ау». Әнші Ақбота Керімбекова емшілерге қатысты сұмдық жағдайды айтты

Өнер иесі ем іздеген халықты алдаған дүмше молданың әрекетін сынады.

Сабина Асқарқызы

  • 18.06.2024

Әнші Ақбота Керімбекова Instagram парақшасында әнін шырқап, трансқа түскен халықтың видеосын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Видеода әншінің «Әппақ гүлдер» әнін бір топ адам шырқап, олардың басында үкі таққан емшінің тұрғанын көруге болады. Өнер иесі ем іздеген халықты алдаған дүмше молданың әрекетін сынады.

«Бәрін көрдім» деуге болмайды десек те, маңдайымызға жазылған өнер жолының дәм-тұзы бұйыртып, көп нәрсеге қанықтық, бірақ, дәл мынадайды көру үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Әннің көңілге демеу, жанға медеу болатыны рас, солай екен деп дәл осылай жасауға бола ма?! Аңқау елге арамза молда болғандардың ақыры жақсы болғанын көргенім жоқ, адамдар бірнәрсеге тәуекел етіп немесе бірнәсеге кірісу үшін ақырын неге ойламайды екен осы?.., - деп жазды әнші.

Дегенмен, әнші ешкімді табаламайтынын айтып, адамдардың түзу жолдан ауытқымағаны жөн екенін атап өтті.

Әбден сарсаңға түсіп, қажығандарты, жанына тыныштық, дертіне дауа іздегендерді сендіру, көндіру оңай… мына үкілі кісінің алдында тұрғандар да бір ғажайыпқа сеніп келген шығар, оларды жазғыра алмаймын, қателік жасағанды табалау еш заманда да дұрыс болмаған. Ал, енді “аппақ гүлдетіп” тұрған кісіге Құдай сана берсін!.. Қасиетті кісілердің есімдерін қор қылды-ау… Сырдағы Серік Ыдырысов ағам айналасына “ақылыңды жойма, ақырыңды ойла”,-деп отырушы еді!.. Ай, өмір-ай, көрсетпегенді көрсеттің-ау Екінші трансында марқұм Нәби екеуміз орындаған “Ақ шағала” дейтін әннің музыкасына салып алып, ұрып тұр, - деп жазды әнші.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025
MalimBlocks
14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады