Қазақстанда өзіңді ыңғайсыз сезінесің - танымал актриса

Құралай Анарбекова өзінен тұрмысқа шығу туралы сұрайтындарға ренішін жеткізді

Сабина Асқарқызы

  • 17.12.2024

Танымал актриса Құралай Анарбекова Дина Төлепбергенге берген сұхбатында жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі тұрмысқа шығуға қатысты сұрақтардың жиі қойылатынын және бұл үрдістің ұнамайтынын атап өткен.

"Шыны керек Қазақстанда өзіңді ыңғайсыз сезінесің. Мен шетелде көп болдым. Олардан қашан тұрмыс құратынын сұрасаң, 35 жасқа қарай ойланатындарын айтады. Мүлдем асығыстық жоқ. Олар алдымен жұмыс істеп, ақша тауып, бір кәсіп ашып барып бір-ақ ойланады екен. Ал біздің елімізде "ештеңені ойлама, күйеуге шығып ал, туып ал" деп асықтырып жатады. Мен оны кім үшін жасауым керек деп ойланып қаламын. Ол баланы асырау керек. Оны сүймейтін адаммен бірге өсіресің ба? Онда өзің бақытсыз боласың. Маған көп ойлар келеді. Күйеуге шықпаған қыздар құдды қоғамның мүгедектері секілді. Олай болмайды. Бұл сөздер қыздың жанына батады. Қазақстанда бір жерге шықсаң да, қысым сезіледі", - деді Құралай Анарбекова.