Трансгендер Амилай әскерге шақыртылды
Ол әскерге дайындалып баратынын айтты.
Қазақстандық танымал трансгендер Амилайға әскерден шақырту келді, деп хабарлайды Malim.kz.
Трансгендердің айтуынша, әскери комиссариаттан телефон арқылы қоңырау шалып, артынан SMS-хабарлама келген.
Маған хабарласып, «Бауырым, қай жылғысың?» деп сұрайды. Мен бауырың емес, сестраңмын деп жауап бердім». Содан трансгендер Амилаймын деп түсіндірдім. Маған құжатымды алып, дүйсенбі күні келуімді айтты, - дейді ол.
Ал трансгендердің өзі әскерге шақырылғаны туралы былай дейді.
Қой, әскерге баруға дайындалайын. Шашымды қайтадан ұзартып жасатайын. Кірпігімді жасатайын. Әдемі болып бармаймын ба?..
Оның әскерге шақыртылғанына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Офицерлердің әйелдеріне қиын болды», «Енді әскерге трансгендерлер де шақырылып жатыр, ал сен әлі жүрсің деп айтатын болды ғой», - деп жазды желі қолданушылары.
Фото: zhambylnews.kz