Халық мені жек көріп кеткендей сезімде болдым – Жазира Байырбекова
Өнер иесі өзіне жазылған пікірлерді оқып, көңілі түскен
Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде өзіне жағымсыз пікір жазатын желі қолданушыларына пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер иесі өзіне жазылған пікірлерді оқып, көңілі түскенін жасырмады.
«Әріптестеріммен түскен видеоларыма «Жазираны жек көремін. Жазираны көргім келмейді» деген пікірлерді көріп қалдым. Кәдімгідей көңіл күйім түсті. Бұрын маған әріптестерім қызығатын. «Осы саған ешкім жағымсыз пікір жазбайды, бәрі сені жақсы көреді» деп айтатын. Мен соған сеніп жүре бергенмін. Жақсы көріну үшін еш нәрсе жасаған жоқпын. Бірақ кеше желіні ақтарып, халық мені жек көріп кеткендей сезімде болдым. Бірақ мен ойландым. Мен халыққа пайдалы еш нәрсе жасамай жатқан шығармын. Бұл мені қамшылау шығар деп ойладым», - дейді Жазира Байырбекова.
Әнші әрбір сөзді жүрегіне жақын қабылдайтынын айтты.
«Сіздердің сөздеріңіз, жағымсыз пікірлеріңіз, мақтауларыңыз, құрметтеріңіз барлығы менің жүрегіме, көңіліме әсер етеді. Сынасаңыздар, ұрыссаңыздар мен ойлана бастаймын. Қай жерден қате жібердім, нені дұрыс істемей жатырмын? деп айланамын. Кеше кішкене көңіл күйім түсті. Маған не істесеңіздер де, қатты ұрыспаңыздаршы», - деді әнші.