«Халықтан үлкен емессің»: Сәкен Майғазиев ағасының қазасы туралы гастрольдік сапарда жүріп естіген

Өзі сахнада ән шырқап тұрып, ешкімге сыр білдірмеген

Сабина Асқарқызы

  • 24.01.2025

Майғазиев ағасының қазасын әнсапарда жүргенде естігенімен, концертін тоқтатпаған, деп хабарлайды Malim.kz

Атам мен әжемді де, Майғазы атамнан тараған төрт ұлдың да көзін көрдім. Марқұм Қордабай әкемнің Қорғанбай, Тельман, Бегман атты інілері де бақилық болғалы біраз жыл өтті.
Бірнеше жыл бұрын әкеміздің туған інісі Тельман ағамның дендеген дертін емдеуге Алматыға алдырдық. Шама-шарқымызға қарай шапқыладық. Мен ән сапарда жүргенімде туған інім Тәкен арқасына салып жүріп ауруханадан ауруханаға тасыды. Дәрігерлер де барын салды. Уақыт өте ем-домын елде жалғастыратын болып ауылға аттанды. Бірақ беті бері бұрылмады. Оңалып қалар деген ой да жоқ емес, – деп бастады әңгімесін эстрада жұлдызы. 

Әншінің сөзінше, ол күнделікті ағасы туралы хабар алып тұрған, дегенмен гастрольдік сапардан бас тарта алмаған. 

«МузАРТ» тобымен 20 күндік әнсапарға кеттік. Ағамның ахуалын сұрап ауылға күнде хабарласам. Көкшетауға келгенде Тельман ағамның қайтыс болғаны туралы хабар келді. Ауылға кетуім керек деп шештім. Анама хабарласқанымда: «Балам, ақ қар, көк мұз, жолтайғақта Көкшетаудан Астанаға көлікпен, Астанадан Шымкентке ұшақпен, Шымқаладан Созаққа, сосын Тастыға тартпақсың... Мені уайымнан өлсін демесең, әнсапарыңды жалғастыр, жеңешең де жөні сол деп отыр. Тірісінде табанын жерге тигізбедіңдер, разымыз. Халықтан үлкен емессің, концертіңді жалғастыра бер, батамызды береміз» деді. Жылап-сықтап болған соң үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ) өзінің дегенін жасай бастады. Кешкі концертте нар көтере алмайтын жүкті көтеріп тұрғанымды бірде-бір көрерменге көрсетпедім. «Өнер жолы – ауыр жол» екенін сол сәтте түсіндім, – деп жазды әнші. 

Фото:instagram.com/saken_maigaziyev

Байланысты жаналықтар

«Ауруың құтырады екен»: әнші Шаһизада денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты

07.02.2025

Сәкен Майғазиев пен Мадина Сәдуақасованың арасында не бар?

06.02.2025

Айгүл Иманбаева үйіне неліктен полиция келгенін түсіндірді

06.02.2025

«Күзетші ұрысып тастады»: Алтынай Жорабаеваның басы дауға қалды

04.02.2025

Роза Әлқожаның өкпесі қатты ауырып, денсаулығы сыр берген

04.02.2025

Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға қанша ақша жұмсағанын ашық айтты

04.02.2025
MalimBlocks
«Ауруың құтырады екен»: әнші Шаһизада денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты

Өнер иесі 10 жылдан бері бел-омыртқасының ауырып жүргеніне шағымданды. 

Сәкен Майғазиев пен Мадина Сәдуақасованың арасында не бар?

Өнер иесі қаңқу сөзге нүкте қойды

Айгүл Иманбаева үйіне неліктен полиция келгенін түсіндірді

Өнер иесі достарының басын қосқан.

«Күзетші ұрысып тастады»: Алтынай Жорабаеваның басы дауға қалды

Оқиға Астанадағы танымал ойын-сауық орталығында болған.

Роза Әлқожаның өкпесі қатты ауырып, денсаулығы сыр берген

Әншінің оқырмандары оған тез сауығып кетуін тілеген

Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға қанша ақша жұмсағанын ашық айтты

Бұған дейін әнші ойынқұмарлыққа тәуелді болғанын мойындаған еді