Жұлдыз Әбдікәрімова отандық киноны сынады
Актриса көпшілікке ой салатын туындылар көбейсе екен дейді.

Қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қазіргі қазақ киносы туралы ой қозғады, деп хабарлайды Malim.kz.
Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында оқырмандары жолдаған бірқатар сауалға жауап берді. Өнер иесі отандық кинотуындыларды сынап, «арзан күлкіге» әуес болып кеткен әріптестеріне шүйлікті. Қайрат Нұртастың әйелі көпшілікке ой салатын, тәрбиелік мәні бар фильмдер жоқтығына алаңдаулы.
Шыны керек, арзан күлкі шаршатты. Көрерменнің сұранысы деп шектен шыққандай. Экранға шығатын дүниенің бәрі ой салса, тәрбиелік мәні болса деген ой мені мазалайды, - деп жазды өнер иесі.
Әбдікәрімова актер болуды қалайтын жастарға да кеңес берді.
Актер болу үшін міндетті түрде оқу керек. Бұл менің бала күннен армандаған мамандығым, - деп жауап берді ол.
Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial