Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шикізат экспортына ішкі нарықтың сұранысы жабылған соң ғана рұқсат беру керек - Үкімет

Экономика
Шикізат экспортына ішкі нарықтың сұранысы жабылған соң ғана рұқсат беру керек - Үкімет
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Фото: © Үкіметтің ресми арнасы

Үкімет отырысында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев отандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында жеңілдетілген шарттармен шикізат беру тетігінің кеңейтілетінін мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, ірі өндіруші компаниялар алдымен ішкі нарықты шикізатпен қамтамасыз етуге міндетті, тек содан кейін ғана экспортқа лицензия ала алады. Қазір бұл талап мыс, алюминий және мырыш өндірушілерге қолданылып келеді.

— Жеңілдік мөлшері өнімнің өңдеу деңгейіне байланысты белгіленеді:дайын өнімге — 5%, аралық өнімге — 1% жеңілдік. Тетік іске қосылғаннан бері 30 келісім жасалды. Нәтиже бар: жыл соңына дейін мыс өңдеу көлемі 40%-ға, алюминий — 20%-ға, ал мырыш өңдеу — 25%-ға өседі, —

деді Нағаспаев.

Министрлік қазіргі уақытта жеңілдікпен берілетін шикізат түрлерінің тізімін кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу