freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

СІМ шетелде жүрген азаматтарға паспортты тез рәсімдеу ережесін жаңартты

Қоғам
СІМ шетелде жүрген азаматтарға паспортты тез рәсімдеу ережесін жаңартты
Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген азаматтар үшін паспорт рәсімдеу мерзімін қысқартатын бұйрық жобасын әзірледі. Өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету уақыты екі есеге жуық азаймақ.

Қолданыстағы ережелерге енгізілетін бұл түзетулер халықаралық стандарттар мен цифрландыру талаптарына негізделген. Осылайша бұған дейін айлап күтетін қызмет енді санаулы апта ішінде көрсетілмек.

– Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген азаматтар үшін паспорт рәсімдеу мерзімін қысқартуға бағытталған өзгерістер жобасын дайындады. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 90 жұмыс күнінен 40 жұмыс күніне дейін қысқартылады. Сонымен қатар ережелерді қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» заңға және Цифрлық кодекске сәйкес келтіру үшін редакциялық түзетулер енгізілуде, - делінген құжатта.
Айта кетейік, аталған жоба 6 сәуірге дейін Ашық НПА порталында талқылауда болады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу