Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сирияда америкалықтарға шабуыл: Трамп кек алу шараларын жариялады

Әлем
Сирияда америкалықтарға шабуыл: Трамп кек алу шараларын жариялады
Фото: Al Drago / Reuters

Сирияда террористік «Ислам мемлекеті» ұйымының содыры ұйымдастырған шабуыл салдарынан АҚШ-тың үш азаматы қаза тапты, тағы үш америкалық әскери қызметкер жараланды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Осыған байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп жауапты шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Трамп бұл туралы сенбі, 13 желтоқсан күні Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, шабуыл Сирияның толық бақылауда емес, аса қауіпті аймағында болған.

АҚШ президентінің мәлімдеуінше, Сириядағы өтпелі кезең басшысы Ахмед аш-Шараа болған оқиғаға байланысты «қатты ашуланып, алаңдаушылық білдірген».

«Өте қатаң кек алу шаралары қабылданады», — деді Ақ үй басшысы. Журналистердің ИГ әрекетіне жауап бола ма деген сұрағына Трамп: «Иә, біз жауап соққысын жасаймыз», — деп жауап берген.

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) X әлеуметтік желісінде 13 желтоқсанда жеке әрекет еткен содырдың тұзағына түсу салдарынан екі америкалық әскери және бір бейбіт тұрғын қаза тапқанын хабарлады. Трамптың айтуынша, қаза болған бейбіт азамат аудармашы болған. Содырдың өзі де жойылғаны атап өтілді.

Қаза тапқан әскери қызметкерлердің аты-жөні олардың жақын туыстары хабардар етілгеннен кейін 24 сағат ішінде жарияланатыны айтылды. Ал жараланғандардың жағдайы қанағаттанарлық екені нақтыланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу