Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Смайылов EXPO ғимараттарына қатысты тексеріс жүргізілетінін айтты

Қоғам
Смайылов EXPO ғимараттарына қатысты тексеріс жүргізілетінін айтты

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов EXPO ғимараттарына қатысты тексеру болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚазАқпарат-тың жазуынша, бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер Ә. Смайыловтан елордада кезінде салынған EXPO ғимараттарына аудит жүргізу мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

Салынған EXPO ғимараттары өзін ақтап жатыр ма? Себебі бұл ғимараттарды күтіп ұстау мен басқа шығындар бар, - деп сұрады тілшілер.

Өз кезегінде Жоғары аудиторлық палата төрағасы алдағы уақытта бұл бағытта тексеріс болатынын айтты.

Қазір олардың табыстары ұлғайды. Бірақ толығымен өзін-өзі ақтап жатыр деп айта алмаймын, - деді Әлихан Смайылов.

Фото: "Астана ЭКСПО-2017"

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу