100 пайыз қазақ тілді балабақшаға әлі ерте

Ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры брифингте осылай хабарлады.

Malim Админ

  • 07.08.2023

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақ балабақшасын көбейтеміз, мемлекеттік балабақша мемлекеттік тілде тәрбие берумен айналысады деп айтқан болатын. Осыған орай журналистер министрлік өкілінен 100 пайыз қазақ тілді балабақша қашан болатынын сұраған.

«100 пайыз қазақ тілінде дегеннің артында әрбір баланың тағдыры мен ата-ананың сұранысы бар. Ол бір күнде іске асырылмайды. Келешекте ата-аналардың тарапынан қай тілде баласына тәрбие беру қажет деген сұранысына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр. 100%-ға жететін уақыт та келеді. Алдағы 3 жыл, 5 жыл бола ма – барлығы уақыттың еншісінде. Қоғамның дайындығы, ата-аналардың дайындығына байланысты»,– деп жауап берді Ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамова.

Сондай-ақ брифингте көпқабатты үйдің бірінші қабатында балабақша ашу мәселесі көтерілді. Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, мәжіліс депутаттарының бастамасымен заң жобасы әзірленген. Құжатта мектепке дейінгі тәрбие беру нысандарын көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасуға рұқсат беру туралы норма енгізілген.

«Мұндай жағдайда құрылыс салушы бірден балалар серуенге шыға алатын аймақты айқындауы қажет. Ол жер нысанаға лайықталуы керек. Қазірдің өзі кей балабақшаның тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқаны туралы жағдай кездеседі. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен бірлесе бұл мәселе қаралып жатыр. Себебі мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарында ережелер бар. Ол жерде барлық талап жазылған», – дейді маман.

Еліміздегі бүгінгі күнде балабақшалардың 69%-ы мемлекеттік тілде білім береді.

Байланысты жаналықтар

Мектепке дейінгі ұйымдарға зор қолдау жасалады

31.08.2023

«Білімді ұлт» жобасы. Балабақшалар мен мектеп мәселесі қаншалықты шешімін тапты?   

19.04.2023

Аймағамбетов Тоқаевты неге өтірікші жасай береді?

01.09.2022

Аймағамбетовтің арманы: Шымкент министрді өтірікші жасайын деп тұр

10.06.2022

Аймағамбетов балабақшаларды тексеруге енді жетті

02.06.2022

Балабақшадан – ауруханаға: «Директор ақша беріп құтылмақ болды»

15.04.2022
MalimBlocks
Мектепке дейінгі ұйымдарға зор қолдау жасалады

«Білімді ұлт» жобасы. Балабақшалар мен мектеп мәселесі қаншалықты шешімін тапты?   

Жастарды ақысыз негізде техникалық және кәсіптік  біліммен қамтып, жоғарғы оқу орындарындағы зерттеу жүйесінің көкжиегін кеңейтуге аталмыш жобаның тигізер оң ықпалы көп

Аймағамбетов Тоқаевты неге өтірікші жасай береді?

Министрім не дейді, президентім не дейді? Аймағамбетов Тоқаевты екі айдың ішінде екі түрлі сөйлеуге мәжбүрледі.

Аймағамбетовтің арманы: Шымкент министрді өтірікші жасайын деп тұр

Аймағамбетов биыл балаларды балабақшамен қамту 99 пайызға жетті деген. Шымкенттегі жағдай осы көрсеткішке күмән тудырады.

Аймағамбетов балабақшаларды тексеруге енді жетті

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі балабақшаларда тексеру жұмыстары басталып, оларға қойылатын талаптар күшейетіні туралы жазды. Министр балабақшадағы камералар әсерінен балалар құқығының бұзылған фактілері анықталғанын жазып, енді оларды қорғау мәселесіне баса көңіл бөлмек екен.

Балабақшадан – ауруханаға: «Директор ақша беріп құтылмақ болды»

Мен жыл сайын, ай сайын бала туатын мысықпын ба, итпін бе?