2 жасөспірім ВИЧ инфекциясын жұқтырды
Астаналық 2 жасөспірімнен ВИЧ инфекциясы анықталды. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова хабарлады.

«Астанада 6 айдың қорытындысы бойынша 206 ВИЧ инфекциясы анықталды. Оның екеуі жасөспірім», - деді қаланың эпидемиологиялық-санитарлық жағдаймен таныстырған Сарқыт Бейсенова баспасөз мәслихатында. Ал статистика жыл сайын елімізде 3 мыңнан астам адам ВИЧ инфекциясын жұқтырады дейді.
Астанада А вирусты гепатиті, менингококк инфекциясы 6 есеге өскен. Бұл инфекцияға 4 жасқа дейінгі балалар бейім (88%) және жыл басынан бері қалаға Таиланд, Әзірбайжан, Өзбекстан және Мысыр елдеріне барған азаматтардың қызылша ауруын жұқтырып келген 12 жағдайы тіркелгенін, ал ресейлік азамат Таиландтан еліне бармай тікелей Қазақстанға қанды безгек ауруын жұқтырып келген,- деді санитарлық дәрігер.
Жаз мезгілінде дәрігерлер рұқсат етілген жерге шомылуға болмайды деп ескерткенімен тұрғындар арасында жұқпалы аурулар, әсіресе энтеровирусты инфекциялар көп тарайды. Өйткені адамдар рұқсат етілмеген ашық су қоймалары мен субұрқақтарындағы (фонтан) суға шомылады,- дейді дәрігер.