Абай шахтасындағы жарылыста 6 адам қаза тапты

Айшолпан КЕРІМ

  • 07.11.2021

Қарағанды облысындағы Абай шахтасында жарылыс болып, 6 адам қаза тапты. Қазіргі уақытта өндіріс тоқтатылып, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдемесіне сәйкес, апат кезінде шахтада 64 жұмысшы болған. Екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, алты адам оқиға орнында көз жұмған.

«7 қараша күні сағат 08.37-де Абай қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алды. Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам бірден өзін-өзі эвакуациялады.

Оқиға орнында қалған 8 қызметкердің алтауы қайтыс болды, екеуі жарақат алды. Өндіріс процесі тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Қаза тапқандардың ең үлкені - 53 жаста, кішісі - 31-де.

- Краус Сергей Юрьевич, 1983

- Шмидт Виталий Владиславович, 1979

- Абдуллин Наиль Рамильевич, 1990

- Корниенко Сергей Анатольевич, 1971

- Супрунов Алексей Алексеевич, 1987 

- Скидченко Николай Николаевич, 1968

Премьер-Министр Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған комиссия жолға шыққаны белгілі болды.

Қарағанды Полиция Департаменті баспсөз қызметі мәліметіне сәйкес, Абай ауданы аумағындағы шахтада болған жарылыс фактісіне байланысты Қылмыстық кодекстің 277 бабы 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін