Әкім қоғамдық кеңеске есеп берді

Malim Админ

  • 18.02.2020

Жуырда ғана Асқар МЫРЗАХМЕТОВТЫ алмастырған Жамбыл облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ  облыстық қоғамдық кеңес алдында есеп берді. Бұл туралы МӘЛІМ сайты хабарлайды.

Әдетте қоғамдық кеңес әкімдердің есебін тыңдап, нормативтік-қоғамдық актілерге сараптама жасайды. Көбіне есепте баяндама тыңдап үйреніп қалған қоғамдық кеңес мүшелері бұл жолы жаңа әкіммен сұрақ-жауап форматында кездесу өткізді.

Әрине, Бердібек МӘШБЕКҰЛЫНЫҢ бастапқы сөзі өңірдің тұрмысы мен экономикалық жағдайына арналды. Ауыл шаруашылығы, кәсіпорындар мен шағын және орта бизнестің ахуалы сөз болды. Қордай трагедиясынан кейін қоғам өкілдерімен кездесудің маңызы тіптен арта түссе керек, әкім кеңес мүшелерінің барлығын мұқият тыңдап шықты.

Қоғамдық кеңес мүшесі Қайрат ШОТБАҚОВ «ЖЭО» АҚ-ны жұмысын жандардыруды, облыс үшін өте қолайлы қызылша өсіруді қолға алуды және одан тауар шығару үшін қант зауыттарын салу керектігін айтты. Жалпы, республика бойынша қант қызылшасы Алматы және Жамбыл облыстарында жақсы өседі.

«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті, қоғамдық кеңес мүшесі, белсенді жас Исламбек ДАСТАН көпбалалы аналардың мәселесін көтерді. Оларға жатақхана салуды және Халыққа қызмет көрсету орталықтары орналасқан ғимараттардың мүшкіл хәлін де жеткізді. Сондай-ақ, ескірген қоғамдық көліктерді де айтты.

Асылы, үкімет бюджеттің 50 пайыздан асасын әлеуметтік салаға бөледі. Бұл елдегі тұрмыстық сфераға қолдау қажеттігін көрсетеді. Сондай-ақ, былтырғы жылдан бері үкімет алдына көпбалалы аналардың проблемасы шыққан еді. Оны Бердібек Сапарбаев еңбек және әлеуметтік қорғау министрі және вице-премьер кезінен жақсы біледі. Жалпы, қоғамдық кеңес осындай мәселелерді атқарушы билікке жеткізу үшін құрылған. Бұл ел ішіндегі шынай жағдайды білу үшін құрылған құрылым. Сапарбаев өз кезегінде көпбалалы отбасыларға арналған жатақхананың құрлысы жалғасады деп жауап қатты.

Жуалы аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы  Сейітхан ЖҰМАШЕВ өзі жетік білетін медицина саласына қатысты ойымен бөлісті. Қарапайым пошташылардың еңбекақысының аздығын да сөз етті.

Қысқасы, қоғамдық кеңес мүшелері өңірдегі өзекті мәселерді айтудан тартынып қалған жоқ. Су саласы, қаңыраған Қаратау проблемасы, газ тарту мәселесі де айтылды. Қазақ футболына талай мықты аяқ доп шеберлерін дайындап берген «Тараз» футбол клубының да жағдайы да айтылды.

Нұрбол ӘДІЛ

Фото: inform.kz

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін