Алматы - Куала-Лумпур тікелей рейсі ашылады

Наурыз айында Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
«Алматыда шетелдік туристер ағынының деңгейіне әсер ететін факторлардың бірі - қолданыстағы әуе қатынасының саны. Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова атап өткендей, бүгінде мегаполис әлемнің 82 елімен 42 тікелей бағыт және визасыз режим орнатқан»,- делінген хабарламада.
Ғ.Тоқсейітованың айтуынша, туризмді дамытудың негізгі факторының бірі - маусым айында Алматы қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысын аяқтау. Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 млн жолаушы.
Осылайша, 2024 жылы шетелдік туристер саны 520 мың адамға жетеді деп болжануда.

Самое читаемое
