Алматы тауларында құтқарушылар екі адамды қар астынан алып шықты

Бүгін Алматы тауларындағы «Молодежный» шыңында қар көшкіні астында екі адам қалып қойды. Құтқарушылар қар астынан олардың біреуін тірідей, екіншісінің мәйітін алып шықты.

Ақниет Аманжолқызы

  • 13.04.2022

Өңірдегі төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, бүгін түскі сағат 13:28 шамасында Алматы қаласының «109» құтқару қызметі Медеу ауданы, Тұйықсу жоғары таулы аймағында «Молодежный» шыңында қар көшкіні түскені және қар астында екі адам қалып қойғаны туралы ақпарат келіп түскен. Құтқарушылардан құралған 31 маман, 8 техника, 2 кинологиялық топ, 1 дрон мен 1 тікұшақ таулы аймақта іздестіру жұмыстарын жүргізген.

Құтқару қызметінен жіберілген жасақ сағат күндізгі 3-тен кейін қар астынан бір адамды аман алып шыққан. Кешкі сағат 6 шамасында екінші адамның мәйіті табылған. Алдын ала мәліметке сейкес, қайтыс болған адам Франция азаматы. Олар Алматы тауларына шаңғы тебу мақсатында шыққан.

Төтенше жағдайлар басқармасы қар көшкінінің себебін де түсіндіре кетті. Тауға 6 адам бірге шығып сырғанаған. Салдарынан қар қозғалып, көшкін жүрген. Олардың бесеуі Франция азаматы, біреуі қазақстандық. Төрт адамның қар көшкінінен дін аман шыққан.

Айта кетейік, 29 наурыздан бастап Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін деген ескертулер жасалған. Қауіп әлі де сейілген жоқ.

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды