Алматыда алты магистральдық көше ұзартылады

Төле би көшесі қала шекарасына дейін ұзартылып жатыр.

Malim Админ

  • 04.03.2024

 

Алматыдағы магистральдық көшелерді ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық мобилділік басқармасы хабарлады.

Жер телімінің сатып алынуына қарай Төле би көшесі қала шекарасына дейін ұзартылып жатыр, ұзындығы 4,5 км жоба екі учаскеге бөлінген.  Жұмыс 2025 жылдың соңына дейін аяқталады.

Сонымен қатар, биыл Хмельницкий көшесін (4,3 км) және Райымбек даңғылын (2,6 км) Талғар тас жолына дейін ұзартып салу жұмыстарын құрылысын бастау жоспарланған.

Мұқанов көшесін Мақатаев көшесіне дейін және Жұбанов көшесін қала шекарасына дейін ұзартуға қажетті жобалық құжаттама әзірленді.

Биыл Оңғарсынова көшесін Райымбек даңғылына дейін ұзарту басталады.

Бұрын хабарланғандай, жыл соңында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы, ал 3-тоқсанда Сайын көшесі мен Мөңке би көшесінің қиылысында жолайырықты пайдалануға беру көзделген.

Жыл соңына дейін Сайын көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін және Абай даңғылын Строительная көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аяқталады.

Айтуынша, жаңа көшелер салу қаланың көлік инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды