Алматыда карантин күшейтілді
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантинге қатысты жаңа қаулысы шықты. Қаулы 20 наурыз күні күшіне енеді.
- Қаулыға сәйкес, қоғамдық көлік жұмыс күндері штаттық режимде, ал демалыс пен мереке күндері таңертең сағат 6.00 мен 10.00 аралығында, кешке сағат 17.00 мен 22.00 аралығында жүреді.
- Сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтары (ішіндегі супермаркеттерді қоспағанда) демалыс күндері жұмыс істемейді. Ал мереке күндері таңғы 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмыс күндері таңғы 10.00-ден кешкі 21.00-ге дейін жұмыс істейді.
- Супермаркеттер, гипермаркеттер мен азық-түлік сататын сауда орындары таңғы 6.00-ден түнгі 02.00-ге дейін істейді. Ал азық-түлік дүкендері мен минимаркеттердің жұмыс істеу уақыты таңғы 6.00-ден 24.00-ге дейін болмақ. Азық-түліктен өзге заттарды сататын дүкендер мен сауда орындары таңғы 9.00-ден 21.00-ге дейін істейді.
- Жабық және ашық базарлар (азық-түлік сататын және азық-түліктен өзге заттарды сататын) сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді, ал жұмыс күндері 06.00-дан 17.00-ге дейін, мереке күндері 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.
- Қоғамдық тамақтану орындары (оның ішінде сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтарында бөлек есіктен кіретін тамақтану орындары) сағат 7.00-ден 21.00-ге дейін істейді, бірақ олар 50 пайызға ғана толуы тиіс, залда бір мезетте тек 30 адам, ал жазғы алаңда тек 50 адам отыра алады.
- Ал сауда ойын-сауық орталығындағы фудкорттар мен бөлек есігі жоқ тамақтану орындарына тек үйге алып кету мен үйге жеткізіп беруге ғана тамақ сата алады.
- "Медеу" мұз айдынында жаппай сырғанақ тебуге тыйым салынды.
- Ал Шымбұлақ тау-шаңғы курорты келушілерді 50 пайызға (1000 адамға дейін) қысқартуы тиіс. Шымбұлақтағы қоғамдық тамақтану орындарының таңғы 7.00-ден кешкі 21.00-ге дейін тек жазғы алаңдары ғана жұмыс істейді.
- Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен "Қазпошта" бөлімшелері таңғы 09.00-ден кешкі 18.00-ге дейін алдын ала жазылу арқылы қабылдайды.
- Банктер мен қаржы нарығындағы өзге нысандардың 20 немесе одан көп жұмысшысы болған жағдайда штаттық кестеде жұмыс істейтін қызметкерлердің кемі 60 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіруі керек.Ал өндіріс қажеті бар филиалдарда қызметкерлердің кем дегенде 40 пайызы қашықтан жұмысқа көше алады.
Мыналарға тыйым салынды:
- Мәдениет нысандары;
- Театр, кинотеатр, концерт залдары;
- Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдаулар
- Қаладағы тұрақты емес (туристік) тасымалдаулар
- Бильярдтар (Ashyq жобасына қатысып жатқан нысандардан басқа)
- Компьютер клубтары, боулинг (Ashyq жобасына қатысып жатқан нысандардан басқа)
- Цирк
- Балаларға арналған ойын-сауық, көңіл көтеру орталықтары (жабық ғимараттардағы ойын алаңары, аттракциондар)
- Көрермендері бар спорттық іс-шара өткізу
- Банкет залдары, түнгі клубтардың жұмысы
- Жаппай бұқаралық іс-шаралар, бір отбасы мүшелерінен көп адам қатысатын еске алу, той, ас, т.б. отбасылық шаралар
- Балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары мен балаларға арналған коррекциялық кабинеттердің жұмысына да тыйым салынды.
Қаулымен толық мына жерде таныса аласыздар.