Ақша ұрлаған пошта қызметкері

Malim Админ

  • 05.08.2020

Түркістан облысының полицейлері бес тұрғынның ақшасын есепшотынан шешіп алған пошта қызметкерін ұстады, – деп хабарлайды Malim.kz  Polisia.kz. сайтына сілтеме беріп.

Келес полициясының кезекші бөліміне жергілікті екі тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, оларға мемлекет тарапынан бөлініп, есепшоттарына түскен атаулы әлеуметтік жәрдемақысының бір бөліктерін белгісіз біреу шешіп алған. Осылайша алаяқ, екі әйелдің әрқайсысынан 300 000 теңгеден астам ақшасын заңсыз иемденген. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді. Қылмыстық істің мән-жайын анықтау, ашу барысында келестік тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, барлық қажетті тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктінің жеке-басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын, бұрынғы пошта қызметкері болып шықты. Тергеу барысында күдікті пошта бөлімшесінде жұмыс жасайтын кезінде тұрғындардың ақшасын өзі қол қойып, шешіп алғаны айқындалды. Сонымен қатар, күдіктінің осыған ұқсас тағы үш жайтқа қатысы бары анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Осылайша күдікті жәбірленушілердің 1,5 миллионға жуық ақшасын есепшоттарынан заңсыз алып, өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Бас шарасы қолхатпен босатылды. Өзінің қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттармен, өзгенің сеніп тапсырылған ақшасын иемденген күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы “Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу” бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.