Ақтөбе әкімдігі ауруханадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Malim Админ

  • 21.06.2020

Бірнеше күн бұрын желіде Ақтөбе ауруханасына жеткізілген науқастарды қабылдамай жатқан видео тараған еді. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов осы іске қатысты түсініктеме берді.

Оның айтуынша, Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдайтын орын жеткілікті. Дәрігерлер науқастарды қабылдау бойынша 1536 адамдық орын әзірлеген. Оның 226-сы инфекциялық, 780-ы провизорлық, 500-і карантиндік. Бұл орындарда қазір орын жетіспеушілігі жоқ көрінеді. Инфекциялық аурухананың - 50%, провизорлық мекеменің - 65%, карантиндік орынның - 57% бос.

Әкім орынбасары ауруханада орын бола тұра жеткізілген науқастарды неліктен қабылдамағанын түсіндіріп өтті.

"Коронавирус жұқтырғандар стационарда жатыр, одан бөлек пневмониямен ауырғандар саны соңғы аптада күрт өсті. Бүгінгі таңда пневмониямен түскен 360 адам ем қабылдауда. Олар үшін Қарғалы және темір жол ауруханасынан орын берілген, сол жерде қабылдайды. Дегенмен, тұрғындар өздерінің тұрғылықты жері бойынша ауруханаға барғысы келеді. Сол себепті теміржол ауруханасына адамдар көптеп барып, ол жерде белгіленген орыннан асып кеткен.  Науқастарды басқа жерге жіберу бойынша наразылықтар болды. Ол бойынша тиісті шаралар жүргізілді, дәрігерлерден түсініктеме алынды. Оларды да түсінуге болады, ем жасаймыз деп күн-түнге қарамай жұмыс істеді. Тіптен 3 айдан бері үйлерін көрместен жатақханада тұрып жұмыс істеп жатыр", - деді Нұржауған Қалауов.

Дереккөз: baq.kz

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін