Ақтөбе шенеуніктері параны қарызға алатын болған ба?

Malim Админ

  • 20.04.2021

Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқарма басшысының орынбасары Жамбыл Нұрбаев пара алды деген айыппен сотталуда. Оған Шұбарши ауылында жалпы құны 273 миллион теңгені құрайтын  дене шынықтыру – сауықтыру кешенін салып жатқан «Стронеф» ЖШС құрылыс фирмасынан пара алды деген айып тағылған.

Айыптаушы актіде көрсетілген мәлімет бойынша, Нұрбаев 2020 жылдың тамыз, қыркүйек, қазан және қараша айларында кешен құрылысының аяқталған жұмыстарына қатысты актіге қол қойып, қабылдап алған. Бірақ ол уақытта құрылыс бітпеген. Жасалмаған жұмыс құны 1 миллион 144 мың 732 теңге болған.

Актіге қол қойлғанға дейін бір ай бұрын «Стронеф» ЖШС директоры Нұрлан Өтепов «Спарта и КО» офисінде осы фирманың директоры, жақын танысы Мақсат Сәнкібаевке «облыстық құрылыс басқармасының кешен құнының 10 пайызын беруді талап етіп жатқанын» айтқан. Сәнкібаев Өтеповқа «пара мөлшерін азайтуға» көмектесетінін айтып, келіссөздерден кейін пара оны 6 миллион теңгеге түсірген.

Нұрлан Өтепов Мақсат Сәнкібаевқа параны фламинго бейнеленген пакетке салып берген. Оны ол 2020 жылдың 30-шы желтоқсанында «Спарта и КО» офисінде Жамбыл Нұрбаевтың туысына берген. Тергеу тарапының мәліметінше, Нұрбаев туысын параны алуға «қарыз ақшаны алып қайту қажет» деген сылтаумен жіберген. 31 желтоқсанда пара толған пакет Жамбыл Нұрбаевтың қолына тиген уақытта оны жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері ұстаған.

Нұрбаевқа пара алды, Өтеповқа пара берді, Сәнкібаевқа пара беруде делдал болды деген айып тағылған. Үшеуінің арасында тек Сәнкібаев ғана кінәсін мойындаған. Тергеу барысында Нұрбаев Өтеповтен 6 миллион теңге пара емес, қарыз алғанын айтқан.

Аталмыш оқиғадан кейін Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Байрон Өтешов бірден қызметінен кеткен. 2020 жылдың желтоқсанында дәл осы басқарманың экс-басшысы Нұрлан Иманалин 7 жылға сотталған. Оған да досымен бірге мектеп құрылысының 60 миллион теңге қаржысын жымқырды деген айып тағылған. Бұдан бөлек, ол мас күйінде полиция қызметкеріне қару кезеніп, қорқытты деп айыпталған.

Байланысты жаналықтар

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

09.05.2025

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары 2,3 млн теңге көлемінде пара алған

05.05.2025

Қызғалдақ дауы: тағы бір әкім жазалануы мүмкін

23.04.2025

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

15.04.2025
MalimBlocks
Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары 2,3 млн теңге көлемінде пара алған

Қызғалдақ дауы: тағы бір әкім жазалануы мүмкін

Ақтөбе облысында ауыл әкімі қызғалдақ ұстап түскен суретінен кейін басы дауға қалды. Суретті Ляззат Бердыбаева әлеуметтік желілерде жариялаған

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды