Ақтөбе тұрғындары облыс әкімі Асхат Шахаровтан көмек сұрайды

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Алтай батыр ауылының тұрғындары не ауыз суға, не дені дұрыс жолға жарымай отырғандарына бірнеше жыл болған. Бұл ауылға "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша ауыз су тартылғанына екі жылдан асса да, әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген. Тұрғындар аудан әкімінің шығарып салма жауабынан шаршағандарын айтады. Төзімі түгесілген ауыл халқы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровқтан көмек сұрап отыр.

Есенжол Елекенов

  • 17.10.2023

 Алтай батыр ауылының тұрғыны Нұралы Айтжан Байғанин ауданы әкімі Қайрат Отаров тұрғындармен кездесуде бұл мәселені шешетіндерін бірнеше рет айтты дейді. Алайда "шешеміз" дегендеріне бірнеше жыл өтсе де, "баяғы жартас, сол жартас" екенін айтады.

-Аудан әкіміне тұрғындардың арыз-шағымын қалдырғам. Бірақ әкім тарапынан ешқандай реакция жоқ. Су тартты, бірақ ол су әлі жоқ. Жол салды, ол жолды да толық аяқталмады. Менде бір ғана сұрақ: Неге әкімдік дұрыс жұмыс істемейді?,-дейді әбден ашынған ауыл тұрғыны Нұралы Айтжан.

Алтай батыр ауылының тұрғындары аудан әкіміне жолдаған хатта: "2021-жылдан бері ауыз су құрлысы аяқталып қолданысқа берілмей тұр. Қарауылкелді-Алтай батыр-Миялы-Оймауыт бағытындағы 0-31 шақырым жол құрлысы тоқтап  тұр.Байғанин ауданынының әкімі Кайрат Утаров  2023-жылы ауыл 17-мамыр күні ауыл тұрғындарымен кездесуінде ауыз су мен жол қолданысқа беріледі деп айтқан. Қарауылкелді-Алтай батыр  бағытындағы 31-шақырымға бюджеттен 897,7 млн  теңге бөлінген. 2023-жылдың 23-ші тамыз күні аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесуінде 2022 -жылы 8-шақырым жол салынды. 2023-жылы 12-шақырым жол салынады деп  есеп берген. Өкінішке  орай қазіргі таңда 2021 жылдан бері бар болғаны 11-шақырым жол салынған. Жергілікті биліктің бұлай жұмыс жасауына біз ауыл тұрғындары наразымыз. Не себепті жол салу құрылысы тоқтап тұр?! Облыс  әкімі Асхат Шахаровтың қолдауы маңызды,-делінген тұрғындар хатында.

Бұл мәселе бойынша Malim.kz тілшісі Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімі Қайрат Отаров пен аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жолдыбек Айсұлтанұлына бірнеше рет хабарласқан. Алайда екеуі де қоңырауға жауап бермеді.

Байланысты жаналықтар

Жетісу облысында «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолы жөнделіп, ашылды

24.11.2024

Ақтөбе облысында ауыл клубы шатырын жөндеуге 6 млн теңге бөлінді

17.11.2024

Ақтөбелік алаяқ студенттерді алдап, 5 млн теңгесін жымқырған

16.11.2024

Ақтөбелік әйел өз анасын өлгенше сабаған

15.11.2024

Ақтөбедегі тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

09.11.2024

Сапасыз асфальт төсеген түркістандық мердігерге айыппұл салынды

06.11.2024
MalimBlocks
Жетісу облысында «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолы жөнделіп, ашылды

Жол облыстың 4 ауылы арқылы өтеді

Ақтөбе облысында ауыл клубы шатырын жөндеуге 6 млн теңге бөлінді

Оған мәслихат депутаттары қарсы болған

Ақтөбелік алаяқ студенттерді алдап, 5 млн теңгесін жымқырған

Оларды грантқа түсіруге уәде берген

Ақтөбелік әйел өз анасын өлгенше сабаған

Ақтөбедегі тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Оларға жарақат пен термиялық күйіктер диагнозы қойылған

Сапасыз асфальт төсеген түркістандық мердігерге айыппұл салынды

Облыстық әкімдіктің тапсырысымен салынып жатқан жолдардан 642 сынама алынған