Ардагерлер ұйымы референдумға қатысты үндеу жариялады

  • 20.05.2022

 

      2022 жылғы 20 мамырда сағат 11-де Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің кіші залында "Ардагерлер ұйымы"республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс ІХ съезі өтті.

      Съезд жұмысына республиканың барлық 17 өңірінен делегаттар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен шақырылған қонақтар онлайн режимде және  съезд жұмысының құрметті қонақтары Республикалық референдумды қоғамдық қолдау штабының басшысы Төлеубек Төлеуұлы Мұқашев және Мемлекет және қоғам қайраткері, Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев қатысты.

Б.Ізмұхамбетов.     19  мамыр күні Қазақстан Ресрпубликасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қабылдауында болғанын өте жылы қабылдау болғанын айтып, Президентке ардагерлердің жұмысы туралы және     Референдум бойынша екі бағытта жұмыс жасап жатқанын, бірінші Конституцияға өзгеріс енгізудің маңыздылығы туралы, екінші ардагерлер тұрғындарға референдумның мәнін түсіндіріп қатысуға белсенділік көрсетуга шақырып жұмыс жасалып  жатқаны туралы айтты.

Президент өз тарапынан қоғамдық жұмыстарды ел ардагерлерінің белсенділік күтетінін жеткізді. Ел ардагерлері еліміздің тұрақтылығы, тыныштығы үшін, мемлекет басшысының бастамасына әрқашан қолдау көрсететінін референдумды қолдау үшін республикалық штаб құрылғанын айтып өтті.   

Бұдан басқа, Орталық кеңесте барлық 17 өңірдегі филиалдар төрағаларының ұйымдастыруымен референдумды қоғамдық қолдау штабтары құрылып жұмыс істеп жатыр деді. Олардың қатарына жергілікті өңірге танымал, мемлекет және  қоғам қайраткерлері, елге  сыйлы ардагерлер жұмылдырылды. Штаб құрамындағы ардагерлер конституциялық реформалардың негізгі ережелерін тұрғындарға кеңінен түсіндірумен айналысатынын. Бұл- жұмыстар еліміздің барлық өңірі бойынша жүргізіліп жатыр деді.

Сонымен қатар,  Орталық кеңесте штаб жұмысын үйымдастыруға қолайлы болу үшін әзірленген нұсқаулық пен іс-шаралар жоспары, онда штаб мүшелері атқаратын жұмыстар  нақты бекітілгенін айтып өтті.

Сөзінің соңында Б.Ізмұхамбетов  ардагерлеріміз «Ата заңымызға» енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын түсіндіруде белсенділік көрсетіп, 5 маусымда өтетін бүкілхалықтық референдумға қатысып өз таңдауын жасауға халықты шақыруы керек деді.

Ж.Ерғалиев өз сөзінде -билік басына келген екінші Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті қоғам орнату идеясын ортаға тастағанын, Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық қоғамды алаңдатып, сан алуан пікірлер тоғысып жатқан алаңға орынды бастамамен шыққанын айтты. Ардагерлердің кезектен тыс IX съезінде Республика Конституциясына ұсынылған түзетулерді енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасына орай, Референдум аясында жалпыхалықтық дауыс берудің маңыздылығы айтылды.

Қортындысында, Ел ардагерлері Қазақстан Республикасының әрбір азаматының Конституцияға өзгерістер енгізу туралы өз пікірін айтуға құқылы екенін айтып, Қазақстан халқын бүкілхалықтық референдумды қолдауға шақырып Үндеуін  жариялады.

Байланысты жаналықтар

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024
MalimBlocks
Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!