«АрселорМиттал Теміртау»-дағы жұмысшылар өліміне кінәлілер анықталды

Мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені мәлім болды

Malim Админ

  • 24.06.2022

"АрселорМиттал Теміртау" еншілес кәсіпорнындағы апат себебі белгілі болды. Мемлекеттік комиссия жұмыс берушінің кінәсін анықтады. Апат салдарынан төрт жұмысшы қаза тапқан еді.

«Сараптама ұйымдары күмбездің қирауына ықтимал себеп болған ақаулар мен зақымдануларды анықтады. Сондай-ақ, «Құрылысмет» тапсырыс берушісі мен «АрселорМиттал Теміртау» мердігері құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені мәлім болды. Жұмыстарды өндіру жобасы мен пешті демонтаждау бойынша технологиялық карта сараптама комиссиясына ұсынылмаған. Арнайы тексеру қорытындысы бойынша комиссия жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсін анықтады», - деді Қарағанды облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Ирина Любарская.

Тергеу барысында 32 адамнан жауап алынды. 14 күдікті анықталды, оның ішінде басшылық құрамы бар. Комиссия мүшелері тергеу қорытындысын құқық қорғау органдарына жолдайды.

Еске салайық, 10 маусымда "АрселорМиттал Теміртау" цехында төрт жұмысшы көз жұмған болатын. Бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін