Арзан және жылдам жететін есірткі қауіп төндіріп тұр

«Қазір кез келген оқушы есірткіні телеграм канал арқылы сатып ала алады. Және оның жету уақыты қаладағы пицца жеткізуден жылдамырақ».

  • 14.06.2023

Осы жағдайды Бас прокуратура департаментінің бастығы Әлжан Нұрбеков нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңесінде айтты.

Ресми статистикаға сәйкес елімізде барлығы 18,3 мың есірткіге тәуелді адам бар. 2022 жылы есірткіні мөлшерден тыс қолданғаны үшін 87 адам қайтыс болған. Бұл сан нақты жағдайды көрсетпейді. ДДҰ мәліметтерінде Қазақстанда нашақорлар саны 150 мың адамға жетеді дейді. Жастар жарқырап жүретін уақытында түрлі дертке шалдығып бауыр циррозынан, жүрек ұстамасынан қайтыс болып жатыр, одан қалса суицид жасайды. Бірақ оны ешкім егжей-тегжейлі тексермегендіктен есірткімен байланыстырмайды. Тағы бір мәселе – есірткінің қол жетімділігі. Негізінен шетелден басқарылатын есірткі трафигінің қолданыстағы моделі үшін «салымшы» ретінде біздің жастарымыз тартылуда, олар үшін пайда табудың құралы ретінде қызмет етеді, - деді Бас прокуратураның стратегиялық даму департаменті бастығы Әлжан Нұрбеков.

Есірткіге тәуелді адамдар статистикасының, олардың өлім себептерінің болмауы, психотроптық заттардың оңай қол жетімділігі, оңалтудың күрделілігі, осы және басқа да бірқатар мәселелерді шешу жолдары белсенді талқылаудың тақырыбы болды. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, мемлекеттік шекарада прекурсорларды әкелуге тосқауыл қоюды қамтамасыз ету, бизнесті дамыту үшін есірткі сатушылар пайдаланатын онлайн-платформалардың қызметтерін табу, есірткіге тәуелді адамдар үшін жеке оңалту орталықтары қызметінің бірыңғай стандартын әзірлеу, тәуелділікпен жұмыс істеуге маманданған кадрларды даярлау және оқыту, жастармен және олардың ата-аналарымен алдын алу шараларын жандандыру қажеттілігі және басқа да көптеген мәселелер көтерілді.

Әзірленген шараларды іске асырумен ведомствоаралық жұмыс тобы айналысатын болады, оның құрамына мүдделі ведомстволар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді.

Байланысты жаналықтар

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

03.05.2025

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

30.04.2025

Полицейлер бір айда 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

26.04.2025

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

17.04.2025

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

12.04.2025
MalimBlocks
ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

Полицейлер бір айда 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды