Әскери қызметшілердің зейнет жасы 5 жылға өседі

Зейнетақы мөлшері әскери қызметшінің еңбек өтіліне байланысты

Malim Админ

  • 30.05.2022

Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнет жасын 5 жылға ұлғайтуға болады.  Қорғаныс министрлігі Зейнетақы орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин осылай деді.

«Үкімет бекіткен ең басты норма - барлық әскери қызметшілер мемлекеттік бюджет арқылы зейнетақы тағайындау жүйесіне көшті. Бұрын 2016 жылға дейін жинақтау жүйесінде болғанбыз. Бұл - өте жақсы жетістік деп ойлаймын. Зейнет жасы бойынша ұзарту «Әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңда қарастырылған. Биыл ол заңға өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, әскери қызметшінің жасын 5 жылға дейін созуға болады", - деді министрлік өкілі.

Қ.Бимолдин әскерилердің зейнетақысы  қалай есептелетініне де тоқталды. Оның айтуынша, зейнетақы мөлшері әскери қызметшінің еңбек өтіліне байланысты.

«Егер 25 жыл еңбек өтілі болса, әскери қызметшіге 50 пайыз зейнетақы тағайындалады. Ал 25-тен астам әр жылға 2 пайыздан қосылып отырады. Мысалы, 30 жыл еңбек өтілі бар әскери қызметшіге өзінің алып отырған жалақысының 60 пайыз зейнетақы тағайындалады", - деді ол.

Айта кетейік, зейнетақыны көтеру «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның 4-бабының 4-тармағында қарастырылған. Бимолдиннің айтуынша, өсудің нормаларын немесе пайызын қаржы жылына арналған республикалық бюджет бекітеді.    

Байланысты жаналықтар

Әскери қызметке шақырылғанына бір ай да толмаған: Аягөзде сарбаз көз жұмды

20.05.2025

Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

20.05.2025

Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қанша зейнетақы алады?

08.05.2025

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

28.04.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат

19.04.2025

Атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері өзгертілмек

17.04.2025
MalimBlocks
Әскери қызметке шақырылғанына бір ай да толмаған: Аягөзде сарбаз көз жұмды

Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қанша зейнетақы алады?

Әлеуметтік төлемдердің жиынтық мөлшері 271 мың теңге

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат

Күнi eртeң oлар мұнай, алтын, фoсфoр, мыс сeкiлдi сапасы да, бағасы да жoғары өнiмдeрдi жанын салып өндiрe бастаған сoң (oларға жeңiлдiк мoл) шаш-eтeктeн байлыққа батады. Eртeң oл кeн oрындарының қазынасын түгeл қoпарып, суалған сиыр сeкiлдi қаңыратып кeтпeсe бoлды.

Атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері өзгертілмек