ASSYLTAS қоры жүздеген отбасыға көмек көрсетті

Malim Админ

  • 29.04.2020

ASSYLTAS қоғамдық қоры еліміздегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты 200 көпбалалы отбасылар мен асыраушысы жоқ жалғызбасты аналар мен әкелерге 25 000 теңгеден көмек берді.

Қор қызметкерлері еліміздің әр аймағынан келген 2000-ға жуық өтініштерді қарастырып, 200 отбасыға жәрдемдесті. Олардың 76-сы жалғызбасты аналар мен әкелер, қалған 124 адам көпбалалы отбасылар. ASSYLTAS қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Оқастың айтуынша, отбасыларды іріктеу қиынға түскен.

«Өтініштерді қордың жеке электронды почтасы арқылы қабылдадық. Ол жерге 2000-дай хат келсе, instagram парақшамызға 3000-нан астам адам жағдайларын айтып хабарласты. Бәрін қарап, оқып шығуға және оларға жауап беруге өте көп уақытымыз кетті. Біз бастапқыда кімдерге көмек беретінімізді анықтап алғанымыз дұрыс болған, егер барлық топтағы мұқтаж адамдарға көмек береміз десек, хаттың саны әлдеқайда көп болар еді»,-дейді Р. Оқас.

Рауан Есенкелдіұлы  бірқатар азаматтардың электронды почтаны қолдана алмауының себебінен өтініштерді жібере алмағанын айтады.  Сондай-ақ, 200 отбасыны іріктеуде бірқатар мәселелерге назар аударғанын жеткізді.

«Өтініш жібергендердің арасында шын мұқтаждарды таңдап алуға тырыстық. Олар көрсеткен телефон номерлеріне видео арқылы қоңырау шалып, жағдайларымен таныстық. Бес-алты баласы барларға басымдық бердік. Сондай-ақ, өтініш бергендердің арасында балаларын бір өзі бағып отырған, бірақ ажырасқан адамдар да кездесті. Олардың өтініштерін қарастырмадық. Екі не одан көп баласы бар, күйеуі не әйелі қайтыс болған азаматтардың барлығын тізімге қостық»-дейді ASSYLTAS қоғамдық қорының жетекшісі.

Қор алдағы күндері тағы  100 отбасыға азық-түлік апарып, көмек қолын созбақ.

Айта кетейік, ASSYLTAS қоғамдық қоры 2018 жылы белгілі кәсіпкер, меценат Дулат Тастекеевтің бастамасымен құрылған. Қор тіл, мәдениет, өнер, спорт, әдебиет және журналистика салаларына демеушілік етеді.

 

Байланысты жаналықтар

Көпбалалы аналардың жағдайын жақсарту керек - сарапшы

09.02.2022

"Балық vs қармақ": Сенатор Бектаевтың масылдықпен күресі

23.06.2021

Әкімдік алдында өзімізді өртеп жібермек болдық

30.04.2021

Шахаров, шық! Аналарды алдама!

29.10.2020

Көпбалалы әке: Мемлекеттен көмек күтсең, аштан өлесің

02.09.2020

Алматы облысында баспаналы болған аналардың өкініші

20.06.2020
MalimBlocks
Көпбалалы аналардың жағдайын жақсарту керек - сарапшы

"Балық vs қармақ": Сенатор Бектаевтың масылдықпен күресі

Әкімдік алдында өзімізді өртеп жібермек болдық

Шахаров, шық! Аналарды алдама!

Көпбалалы әке: Мемлекеттен көмек күтсең, аштан өлесің

Алматы облысында баспаналы болған аналардың өкініші