Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ауа-райы қолайсыз. Алматы облысында жол жабылды

Сұқбат
Ауа-райы қолайсыз. Алматы облысында жол жабылды

Алматы облысындағы Алматы-Өскемен тасжолы ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды, - деп хабарлайды Malim.kz  Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 21 желтоқсаны сағат 07.00-ден бастап ШҚО-дағы ауа райының қолайсыздығына  байланысты, қар, бұрқасын болғандықтан автожолдар жабылды. Жол көру нашарлаған. Сондықтан республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тасжолында көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынды. (558-615 шақырым аралығы, Үшарал-ШҚО шекарасы). 

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан осы бағытта жол жүрмеуді және 112 қызметінің SMS-хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Ұзақ жолға шығар алдында ауа райымен танысып, төтенше жағдайларда көмектесетін барлық затты өзіңізбен бірге алып жүруіңіз керек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу