Батыс өңірде киік мүйізін табысқа айналдырғандар азаймай тұр   

Атырау облысында тыйым салынған киік мүйізін жинаған өңір тұрғыны ұсталды. Полиция күдікке ілінген азаматты заңсыз әрекетке барды деп айыптағанын хабарлады.

  • 04.04.2023

Құрманғазы аудандық полиция  қызметкерлері 1990 жылы туған аудан тұрғынының жеке үй жайын тексеру кезінде жер астына көмілген 137 дана киік мүйізін және 1 дана қол арасын тауып алғаны туралы ақпаратты жариялады.

Ерекше қорғауға алынған дала жануарының мүйізін ақша табу мақсатында жинаған азаматқа қазір қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. 

Өткен жылы Қазақстанның батыс аймағындағы шаруалар жайылым жерлерді мыңғырған киіктердің таптап, қолдағы малға азық қалдырмайтынын айтып бірнеше рет шағымданған болатын. Кейін олардың санын қолдан азайту үшін атуға рұқсат та сұраған. Алайда ерекше қорғауға алынған жануарды атуға елімізде заңмен тыйым салынған. Соған қарамастан Атырау, Маңғыстау, БҚО, Қызылорда облыстарында киік мүйізін сатуды кәсіп еткендер қатары азаяр емес.

Наурыз айының басында ішкі істер органдарының қызметкерлері Батыс Қазақстан облысында бір тұрғынды тексеру кезінді үйінен 465 дана киік мүйізін тапқан еді. Сонымен бірге, Қызылорда облысында киікті ақша табу үшін аулаған тұрғыннан 130 мүйіз тәркіленді.

Байланысты жаналықтар

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

06.05.2025

Онлайн-банкинг арқылы 80 млн теңгедей қаржы жымқырған

05.04.2025

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

29.03.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025
MalimBlocks
Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

Онлайн-банкинг арқылы 80 млн теңгедей қаржы жымқырған

Қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты