Бір тәулікте 730 адамнан коронавирустық пневмония анықталды

22 тамыз күні Қазақстанда 730 адамнан коронавирустық пневмония анықталды. Пневмонияның бұл түрінен қайтыс болғандар саны 7 адамға артты.
Ал коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталған 230 науқас тіркелді. Вирус жұқтырған 125 адамда ауру белгілері байқалған, 105 адамда Covid симптомдары болмаған. Қазақстанда эпидемия басталғалы барлығы 104 543 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған.
Қазақстан коронавирустық пневмония есебін 1 тамыздан бастап жүргізіп келеді. Шілденің басынан осы күнге дейін коронавирустық пневмонияға барлығы 22 660 адам шалдыққан.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) аурулардың халықаралық классификациясын жүргізіп, әр ауруға арнайы код тағайындайды. Ұйым коронавирус індеті өршіген тұста ауруға U07.1 кодын тағайындады. Бұл кодты тағайындау науқастың коронавирус жұқтырғаны зертханалық талдау нәтижесінде анықталуы тиіс. Бірақ ПТР тестің дәлдігіне сұрақтар туындаған шақта ДДСҰ U07.2 дейтін екінші код берді. Бұл коронавирус белгісі бар, алайда оны ПТР тест растамаған кезде қолданылады.
Дегенмен Қазақстан екінші кодты 1 тамызға дейін пайдаланбай келді.Билік коронавирустың екінші кодын қабылдағанымен, оның дерегін коронавирус жөніндегі ұлттық статистикаға қоспай отыр. Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық статистикаға тек қана U07.1 кодына сай келетін, яғни Covid инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастарды қосып отыр.
Ресми дерек бойынша, Қазақстанда коронавирусты 104 543 адам ғана жұқтырған. Коронавирус пневмониясына шалдыққан 22 660 адам бұл статистикаға кірмей отыр. Джонс Хопкинс университеті мен worldometers.info сайтының Covid картасында Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі айтқан дерегі көрсетіліп тұр.
Екі деректі біріктірсе, Қазақстанда коронавирус ауруына шалдыққандар саны 127 203 болады.
ПТР тест растаған коронавирус анықталғандар саны жөніндегі аймақтағы жағдай:
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.