COVID-19 ІНДЕТІ КЕЗІНДЕ ЖАНАЗА ЖӘНЕ ҚҰДАЙЫ АС ӨТКІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

Malim Админ

  • 02.07.2020

Аса рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз!

Құрметті отандастар, қадірлі бауырлар!

Елімізді дүрліктірген індеттің қаупі күннен-күнге өршіп бара жатқаны өздеріңізге мәлім. Ауру айтып келмейді.

«Сақтансаң – сақтаймын» демекші, төрткүл әлемге қауіп төндірген дертке немқұрайлық таныту – өзіміз үшін ғана емес, жанымыздағы жандардың өміріне де әсерін тигізері хақ.

Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің мұсылман қауымын Жаназа намазы мен Құдайы астарға қатысудың келесідей ережесін сақтауға үндейді:

  1. Жаназа намазына қатысты талаптарды орындауға:

– Жаназа намазына бір ғана діни қызметкердің қатысуына;

– Жаназа намазына тек отбасы және жақын тумаларының қатысуына;

– Жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмауға;

– Бойында дене қызуы немесе жөтелі бар кісінің жаназа намазына мүлде қатыспауына;

– Жаназа намазына келуші кісі міндетті түрде санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және екі метрден кем емес арақашықтық) сақтауға;

  • Індеттен қайтыс болған мәйітті дәрігердің нұсқаулығына сай жууға;

– Жаназа намазы мен уағыздың жалпы уақытын 5 минуттан асырмауға;

– Жаназа намазы барысында қол алысып амандаспауға;

– Жаназа намазының сабын түзегенде кемінде екі метр қашықтықты сақтауға;

– Қабір басында мәйіт жер қойнына тапсырылғаннан кейін жамағатты тездетіп қайтаруға;

– Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балалар жаназа намаздарына қатыспауға;

– Қонақ асын өткізбеуге;

– Жаназадан кейінгі асты өткізбеуге немесе отбасы мүшелерімен шектелуге.

 

  1. Құдайы астарға (жетісі, қырқы, жүзі, жылы және тағы басқа) қатысты талаптарды орындауға:

– Астарды өткізбеуге немесе отбасы мүшелері, жақын тумаларымен шектелуге;

– Бір ғана діни қызметкердің қатысуына;

– Санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және арақашықтық) сақтауға.

 

Құрметті жамағат!

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Өз-өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», – деп ескертеді. Өз өміріміз бен денсаулығымыз – Алла Тағаланың бізге берген аманаты.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір өсиетінде адам баласының өзіне де, өзгеге де зиян келтіруіне қатаң түрде тыйым салған.

Шариғатта қандайда жұқпалы аурудың белгісі тараған кезде аурудың етек алуын тоқтатуда карантин қажет екені атап айтылған. Сондықтан қазіргідей көзге көрінбейтін зиянды дерт тараған кезде оның алдын алу – әрбір мұсылман баласы үшін міндет.

 

Құрметті, отандастар!

Сізде жөтел пайда болып, бойыңызда дене қызуының жоғарылауы байқалса немесе тыныс алу қиынға соққан жағдайда дер кезінде дәрігерге жүгінуге, сондай-ақ, қоғамдық орындарға, тіпті мешітке келуді тоқтатып, құлшылықтарыңызды үйлеріңізде орындауға кеңес береміз!

Алла Тағала елімізді, халқымызды түрлі ауру-сырқаудан сақтағай! Әумин!

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін