Дәрігерлерге үстемақы берілді

Malim Админ

  • 12.04.2020

№2 көпбейінді қалалық аурухананың 100-ден аса дәрігеріне үстемақы төленді. Олар 5 үлкен қонақ үйде карантинге түскен жолаушылармен жұмыс істеген. Президент тапсырмасына сәйкес, ақ халаттыларды 3 категория бойынша бөліп, арнайы қаржылық үстемақы төленді. Гүлвира Мағзұмова №2 көпбейінді қалалық аурухананың дәрігері. Медицина саласында 30 жыл аянбай тер төгіп келеді. Наурыз айында елдегі індетке қарсы күресте алдыңғы қатарда қызмет еткен білікті дәрігер. 21 наурыз күні карантиндік госпитальға 17 адам болып барған. Бар-жоғы екі сағаттың ішінде ұшақтан түсетін жолаушыларды қабылдауға сақадай-сай болдық дейді. Алғаш 18 адамды қабылдады. Екінші рейсте 98 адамды, екі аптаның ішінде 500-ден аса жолаушыны тексерген. Сақтық шаралары жасалғанмен, қорқыныш та болғанын жасырмады.

Гүлвира Мағзұмова, №2 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары:

– Қорқыныш әрине, болды.Ол жерде жиналған адамдардың бәрінде қорқыныш болды.Осы ауру жайлы ақпарат көбейген сайын біздің медицицналық персонал арасында да қорқыныш пайда бола бастады.Сондықтан маған ол жерде ұйымдастырушы адам болғандықтан ауыр жүк артылды. Барлығына психологиялық тұрғыдан көмектесуге тырыстым. Осылай жұмысымызды 4 сәуір күні аяқтадық.

№ 2 көпбейінді қалалық аурухана, елордадағы ең үлкен медициналық мекемелердің бірі. Бұл жерде 2000-нан аса қызметкер жұмыс істейді. Емханаға дәрігерлері мен медбикелеріне 5 үлкен қонақ үйге карантинге түскен адамдарды тексеру жүктелген. Адамдарды 21 наурызда түнгі уақыттан бастап қабылдаған. Жан-жақтан келгендерді барлығы 22 рейс 2 мың жолаушыны тексерген.

Иван Ли, №2 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері:

Карантиндік стационарларда тек мықты мамандар жұмыс істеді. Біз волонтерлерді, студенттерді жұмысқа тартқан жоқпыз. Себебі ол алаңда өзін және өзгені қорғай алатын оқытылған мамандар болуы керек. Біздің ауруханамыздан ешқандай вирус жұқтырған немесе вирус анықталған бірде-бір қызметкер жоқ. Барлық жұмыс істегендерге арнайы ынталандыру сыйақылар берілді. Президенттің берген тапсырмасы орындалып, қызметкерлерге күні кеше ақша аударылды. Әр категория бойынша есептесек, біздің атқарған жұмыс 3-шіге жатады. 212 мыңнан ақша төленді.

Ауруханада 47 бөлімше бар. Жылына 12 мыңнан аса әйел босанады. 40 мыңға жуық адам емделеді. Коронавируспен күресте білікті дәрігерлер аянып қалған жоқпыз дейді. Стационарларға 100-ден аса медицина маманы осы ауруханадан жіберілген. «Еңбектің еленгені қуантады», – дейді ақ халаттылар.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

02.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

01.04.2025

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

01.04.2025

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады,

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірлеген

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді