Демократиялық құндылықтарды бағалау – елдіктің нышаны
Қазақстандағы республикалық референдум 2022 жылғы 5 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша өткені мәлім. Түркістан өңірінде саяси науқан жоғары деңгейде өтті. Біз сайлау, адам құқығын қорғау бағытындағы түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізе беруіміз керек.
Референдум – халықтың таңдауы, демократиялықтың нышаны. 5 – маусым күнгі республикалық референдумға Түркістандық зиялы қауым өкілдері де бір кісідей атсалысып, қолдау білдірді. Сонымен қатар олар Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ел болашағының жарқын болуына ерекше ықпал ететініне сенімді.
Жалпы Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу тәртібі «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық заңда көрсетілген. Онда жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең және тікелей қатысу құқығына негізделеді. Осы заң талаптарын негізге ала отырып, референдумды өткізуге азаматтар ерікті түрде қатысты. Өзімізден бастап бәрімізде де кемел келешекке деген үлкен үміт бар.
Қара басы мен жақындарының ғана қамын ойлайтын, лауазымына лайық емес әкімді орнынан алып тастауға халықтың толық құқы бар екендігіне көздері жете бастады. Жоғарыда айтылып өткен тармақ, әсіресе, жергілікті деңгейдегі елді мекендерде халықтың таңдауын айқындауға берілген мүмкіндік екенін сезінді десек те болады.
Парламент және мәслихат депутаттарын сайлауда да мажоритарлық жүйе енгізілді. Бұл дегеніңіз, халықтың үніне құлақ түріп, мұң-мұқтажын ескеру, көпшілікпен санасу деген сөз. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сайлау тізіміне, жастар мен әйелдерге арнайы квота енгізілуі де, жақсы істерге басталған оң қадамдардың бірі. Енді олардың қатарына мүмкіндігі шектеулі жандар қосылуы да елдіктің, егемендіктің, әділеттіліктің белгісі. Яғни, мүмкіндігі шектеулі жандар билік мінберінен өз дауысын естірте алады және дәл қазіргі кезеңде естіртіп те жүр.
Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы жолда түрлі сын-қатерді еңсеріп, көптеген маңызды міндетті бірге атқаруымыз керек», - деген сөзін ешқашан естен шығармағанымыз жөн.
«Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды. Реформаларымыз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделді. Бұл қағида – мемлекетіміздің басты тірегі. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілді. Оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Қаншалықты күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды қысқа мерзім ішінде жүріп өттік. Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті. Кешегі сайлауда партиялармен қатар көптеген азаматымыз бір мандатты округтен өзін-өзі ұсынды. Осылайша, халқымыз маңызды өзгеріске өз үлесін қосуға дайын екенін дәлелдеді. Елімізде жаңа азаматтық, саяси мәдениет қалыптасып жатыр. Мен сайлауға белсене қатысқан барша азаматқа алғыс айтамын. Бұл науқан, шын мәнінде, бұрынғыдан ерекше, өзгеше болды. Сайлау науқаны шынайы бәсеке жағдайында, ашық өтті. Үгіт-насихат кезеңін және дауыс беру барысын ақпарат құралдары жан-жақты көрсетті. Партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді. Мұны отандық және шетелдік байқаушылар да айтып отыр. Қандай да бір саяси ұйымға артықшылық берілген жоқ. Президент ешбір партияның мүшесі емес. Облыс әкімдері партия бөлімшелеріне жетекшілік етпейді. Жоғары лауазымды қызметкерлер партия тізімінде болған жоқ. Яғни, барлық партиялар сайлауға бірдей жағдайда қатысты. Сайлаушылар да, үміткерлер де айрықша белсенді болды. Саяси партиялар әр аймақта ел назарын өзіне аудару үшін тартысқа түсті. Бірнеше рет тікелей эфирде партиялар арасында қызу және тиімді пікірталас болды. Бұл – демократиялық қоғам үшін қалыпты үрдіс. Мұның бәрі Қазақстанда ашық азаматтық қоғамның нығайып келе жатқанын көрсетті. Сайлау науқаны кезінде көптеген орынды сын, байыпты ұсыныс айтылды. Біз айтылған салмақты ұсыныстарды міндетті түрде зерделейміз.
Бәсеке жоғары болғандықтан, сайлау нәтижесін алдын-ала болжау мүмкін емес болды. Оның қорытындысы еліміздің нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадам жасағанын көрсетті. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, Мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді деп есептеймін. Алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Біз осының бәріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткіздік. Партияларды тіркеу мәселесін реттейтін заңнаманың өзгеруі де бұған септігін тигізді. Енді партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүретін болады. Мәжіліске бір мандатты округтен де депутаттар сайланды. Яғни, Парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылды. Сондай-ақ ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды. Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміткерлерді тартысты бәсекеде жеңіп шықты. Осылайша, елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түсті. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты. Еліміздің жастары әрдайым менің айрықша назарымда екені баршаға мәлім. Мен билікке ойы озық, білімді жастар келуі керек деп үнемі айтамын. Өскелең ұрпақты ел ісіне баулу – өте маңызды мәселе. Олар қоғамға жаңа құндылықтар әкелуге тиіс. Сайлау кезінде жас кандидаттар бірігіп, өз тобын құрғаны белгілі. Осы одақтың белсенді мүшелері Парламентке және мәслихаттарға өтті. Осылайша, өкілді билік тармағына саясаткерлердің жаңа буыны келіп жатыр. Жастар мұны елімізді дамытуға берілген бірегей мүмкіндік деп бағалауы қажет», деді Мемлекет басшысы.
Өткен тарихы болашаққа жол көрсетіп, келешекке қызмет етеді десек, аталған бағытта жұмыс істеп келе жатқан және мемлекет басшысының алға қойған міндеттері мен талаптарын жүзеге асыруға тікелей атсалысатын мекемелердің бірі – музей саласы. Сөзді алыстан сермей бермей, өзімізге қатысты айтар болсақ, музейдегі өтетін мәдени іс-шаралар және көрмелер мен танымдық экскурсиялар – еліміздің жарқын келешегі үшін атқарылып жатқан істер деп санаймыз. Әрбір азамат өзіне тиесілі ісін жауапкершілікпен атқарар болса, шешімін таппайтын күрмеу болмайтыны ақиқат.
Айтқанда, мемлекет басшысының алға қойған мақсат-міндеттері, халықтың үнін тыңдап, одан оң нәтиже шығаруы – көңілге қуаныш ұялатып, келешекке деген сенімді нығайта түседі. Сөзіміз дәлелдірек болуы үшін, осы арада, бір ғана мысал айтайықшы. Жылдың бас жағында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елге Үндеу жолдады. Қазақстан халқының бәріне ұғынықты болсын деген ниетпен, Үндеу орыс тілінде айтылғанын түсіндік. Соған қарамастан, жалпы жұртшылық: «Президент Үндеуді неге қазақша жолдамайды» - дегендей пікірлерін білдіріп жатты. Осы сөздерге дер кезінде естіп, елеп-ескеріп, орыс тілінде жолданған Үндеудің артынша, қазақ тілінде сұхбат берді. Бұл мемлекет басшысына деген сенімді нығайтатын бір ғана мысал. «Бәрі де салыстыру арқылы анықталады» деген тұрғыдан түйіндер болсақ, мұндай мысалды көптеп келтіре беруге болады. Тарихтан да, кешеден, бүгіннен де жеткілікті.
Мәселе, тек айтылған талаптар мен міндеттердің дер кезінде орындалуында болып отыр. Бұл басшысын бастап қосшысына дейінгі бүкіл Қазақстан азаматы үшін үлкен міндет пен парыз.
Айгүл БАҚЫТҚЫЗЫ,
Саттар Ерубаев музейінің меңгерушісі
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.