Депутат қазақстандықтардың несиесін кешіру туралы ұсыныс жасады

Айшолпан КЕРІМ

  • 08.12.2021

«Ақжол» партиясының депутаты Азамат Әбілдаев Әлихан Смайыловқа қаржылық қиындықтары бар қазақстандықтардың несиесін кешіру туралы ұсыныспен сауал жолдады.

Қазіргі таңда 27 пайыз халық қарызға батқанын айтқан депутат банктердің адамдарға деген қарым-қатынасы өзгергенін айтты. Депутат кредиттік аминистия  жариялауды ұсынды.

–  Банктер мен Микроқаржылық ұйымдар несие беріп, халыққа көмектесіп жатқандай көрінеді. Бірақ ақшаны қайтарар кезінде түсіністік танытпайды. Олар өз аттарын таза ұстап қалу мақсатында, халықтың соңғы тиынын тартып алу үшін коллекторларды жұмсайды. Бүгінгі күні банктер жанашырлық, мейірімділік сияқты құндылықтардан ада болған және олар қарақшылардан да жаман. Соңғы ақшаны ұры да алмайды дейді ғой, ал банктер керісінше әлеуметтік көмек пен зейнетақыға да қол сұғады. Мұндай жағдай адамды соңғы қадам жасауға – суицидке баруға итермелейді, – дейді депутат.

Айта кетейік, қазір халықтың 27%-і – банк алдында борышкер. Ел тұрғындарының ипотекалық несие бойынша берешегі 2,716 триллион теңгеге жеткен. Оның ішінде тұтынушылық мақсаттарға алынған несие – 5,19 триллион теңге болса, мерзімі өткен берешек 199 миллиард теңгені құрап отыр.

 

Байланысты жаналықтар

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

05.05.2025

Елімізде несие алуы қиындай түспек

30.04.2025

Қарызы бар тұтынушылардың жарығы сөндіріле бастайды

29.04.2025

Басы дауға қалған блогер Daricorn баланың отбасынан кешірім сұрады

27.04.2025
MalimBlocks
20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

Өтініш міндетті түрде тіркелуі тиіс

Елімізде несие алуы қиындай түспек

Қарызы бар тұтынушылардың жарығы сөндіріле бастайды

Басы дауға қалған блогер Daricorn баланың отбасынан кешірім сұрады