Ең кедей облыс: Ұлытау көш соңында қалды

Экономиканы зерттеу институты Қазақстанда бөлінетін үш облыстың инвестициялары қалай өзгеріске ұшырайтынын көрсетті. Айта кетейік, осыған дейін соңғы орында тұрған Жетісу облысына салынған инвестиция Ұлытау облысынан әлдеқайда көп болып шықты.

Ақниет Аманжолқызы

  • 20.06.2022

Негізгі капиталға инвестициялар бойынша 2013-2021 жылдар кезеңінде инвестициялардың орташа 75%-ы жаңа Қарағанды облысына және тиісінше 25%-ы Ұлытау облысына беріледі. Бұл ретте 2021 жылы екі облыс бойынша инвестиция 842,1 млрд теңгені құрады, оның 676,1 млрд теңгесі (75%) Қарағанды облысына, ал қалған 166 млрд теңгесі (25%) Ұлытау облысына жіберілді.

Осы сандарға сүйене отырып, инвестиция тарту бойынша Ұлытау облысы көш соңында қалса, жаңа Қарағанды облысы Алматы облысын, Шымкент қаласы мен БҚО-на артқа тастайды.

Жаңа Қарағанды облысының аудандары бөлінісінде облыстық капитал салымдарының 31%-ы Қарағанды қаласының үлесіне (211,2 млрд теңге), 10%-ы Саран қаласының үлесіне (69,4 млрд теңге) және 17%-ы Теміртау қаласының үлесіне (114 млрд теңге) тиесілі. Яғни, жаңа Қарағанды облысы инвестициясының шамамен 58%-ы басты үш қалада шоғырланған. Ең аз инвестиция Приозерск қаласына (8,6 млрд теңге), Қарқаралы ауданына (16,4 млрд теңге), Нұра ауданына (19,7 млрд теңге), Абай ауданына (19,9 млрд теңге) бағытталды.

Ұлытау облысының барлық капитал салымдарының 28%-ы Сәтбаев қаласының үлесіне (47,1 млрд теңге), 25%-ы Жезқазған қаласының үлесіне (42,1 млрд теңге), 22%-ы Қаражал қаласының үлесіне (36,3 млрд теңге) және 21%-ы Жаңаарқа ауданының үлесіне (34,7 млрд теңге) тиесілі. 4% немесе 5,8 млрд теңге ғана Ұлытау ауданына тиесілі.

Байланысты жаналықтар

Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

15.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

12.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

10 жыл ішінде химия өнеркәсібіне 4,8 трлн теңге инвестиция тартылады

05.05.2025

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

01.05.2025
MalimBlocks
Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

10 жыл ішінде химия өнеркәсібіне 4,8 трлн теңге инвестиция тартылады

Химия саласында 49 жоба іске асырылып отыр

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтар үшін салынған