Эпопеяның соңы. Назарбаевтар отбасына жақын режиссер де қызметтен кетті

Руслан ЕРБОТА

  • 28.09.2022
"Елбасы жол. Астана" филмінің тұсаукесері, 2018 ж. / Фото: akorda.kz

Режиссер Ақан Сатаев «Қазақфильм» басшылығынан кетті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады.

«Бүгін Ақан Қарғамбайұлы өз еркімен аңызға айналған киностудияның жетекшісі лауазымын өз қалауы бойынша өткізіп берді. Оның болашақтағы шығармашылығы біздің кинематографиямызға жаңа леп беретін жобалармен жалғасады деп сенем», - деп жазды ол.

Басынан дау арылмайтын Қазақфильмге қатысты Ақан Сатаевтың отставкасы бұған дейін де бірнеше рет талап етілген. Дегенмен, ол соншама дау-дамайға қарамастан киностудия басшылығында қала берген. Оның себебін көпшілік оның Назарбаевтар отбасымен жақындығымен байланыстыратын. Ол 2015 жылы экс-президент Нұрсұлтан Надарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваның продюсерлігімен «Анаға апарар жол» («Дорога к матери») фильмін түсірген. Одан кейін Назарбаевтың өмірбаянына құрылған драма-биографиялық жанрдағы «Елбасы жолы. Астана» («Путь лидера. Астана») фильмін түсірген.

Дәурен Абаев сол фильм шыққанда ақпарат  министрі болып тұрған. Бұл фильмді бүкіл Қазақстан бойынша аралап, әр облыс тұрғындары жаппай тамашалаған. Шенеунік атаулы жарыса пікір білдірген. Мұндай пікірлер жергілікті және республикалық телеарналар мен газет-журналдарда аз насихатталған жоқ. Назарбаев туралы соңғы фильм екенін білгендей ерекше насихаттауға күш салған Дәурен Абаев жақында ғана журналистердің «Назарбаев туралы фильм түсірілсе министрлік тағы да қаржыландыра ма?» деген сұрағына:

«Мазмұнына байланысты, егер мазмұн қызық болса, кез келген фильмді қолдау қажет және кейіпкерге қадалып алудың қажеті жоқ», - деп, екіұшты жауап берген.

Совет үкіметі кезінде түсірілген («Қыз Жібек», «Тризна», «Сұлтан Бейбарыс» фильмдерін жақсы көретін министр Ақан Сатаевтың нақты қандай жағдайға байланысты орнынан кеткенін айтпапты.

Дәурен Абаев 2022 жылдың қысында «Қазақфильмге» барып, онда 30 жылда 600 фильм түсірілгенін, соның 52-сі ғана прокатқа шығарылғанын сынай келіп, қазір балаларға арналған фильм түсірілмейтінін айтқан.

Қазақ киносының «стремный» емес екеніне сенетін, Назарбаев туралы «қызықты, дәмді» ұсыныс болса қолдауға дайын министрдің бұл әрекеті Назарбаев дәуірінің аяқталғанын тағы бір дәлелдей ме?

Айта кету керек, Нұрсұлтан Назарбаев туралы киноэпопея жылдар бойы түсірілді. Соның ең соңғысы осы Ақан Сатаев 2018 жылы түсірген фильм.

Байланысты жаналықтар

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024
MalimBlocks
Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды