Ердоған салдырған вакцина Қазақстанға келмек

Malim Админ

  • 27.03.2021

Қазақстан Қытайдың Sinovac вакцинасының 3 миллион дозасын сатып алады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Алексей Цойдың айтуынша, Қарағандыдағы фармацевтикалық кешен Ресейдің "Спутник V" вакцинасының 750 мың дозасын шығарған. Ол шамамен бір аптаның ішінде аймақтарға жетеді. Бұдан бөлек Ресейден "Спутник Light" вакцинасының миллион дозасы,  Қытайдың Sinovac вакцинасының 3 миллион дозасы сатып алынады.

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин мен денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездескен Алексей Цой былай деді: "Келесі айда Қарағандыдағы фармацевтикалық кешен "Спутниктің" бір миллион дозасын шығарады, оған қосымша екі миллион доза келеді. Ресей үкіметімен келісім бойынша, "Спутник Light" вакцинасының миллион дозасы, одан бөлек Қытайдың Sinovac вакцинасының 3 миллион дозасын алдырамыз. Сонымен қатар Pfizer компаниясымен келіссөздер жүріп жатыр".

Қытай шығарған Sinovac – белсенділігі жойылған (инактивированная) вакцина. Яғни ол өлтірілген, белсенділігі жойылған бүтін вирустан жасалады. Бұл вакцинаны бұрыннан, 70 жылдан бері келе жатқан дәстүрлі жолмен дайындайды.  Белсенділігі жойылған вакцина бүтін вирустан жасалатындықтан, одан түрлі антиденелер пайда болады. Демек, ол түрлі мутациядан қорғай алады деген ықтималдылық жоғары.

Осы себепті әртүрлі штамдарға қарсы күресу үшін Түркия дәл осы Қытай вакцинасын алдырған. Тіпті ақпан айында Түркия президенті Ердоған өзіне Sinovac вакцинасын салдырған болатын.

Қазақстан 2021 жылдың соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салдыруды жоспарлап отыр.

Байланысты жаналықтар

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

20.12.2021

Алексей Цой қызметінен босатылды 

20.12.2021

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

14.12.2021

Цой азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтты

08.12.2021

Цой отставкаға кетсін – наразы топ

25.10.2021

Pfizer егілетін адамдар тізімі толығуы мүмкін - Цой 

11.10.2021
MalimBlocks
Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

Алексей Цой қызметінен босатылды 

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

Цой азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтты

Цой отставкаға кетсін – наразы топ

Еңбек министрлігі алдында он шақты адам шерулетіп, мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақыны екі есе артыруды талап етуде. Бұл туралы Malim.kz тілшісі хабарлайды.

Pfizer егілетін адамдар тізімі толығуы мүмкін - Цой