Есірткіні бизнеске айналдырғандар ұсталды

Malim Админ

  • 11.07.2020

Адам күн көріс қамы үшін барлық іске барады. Бірақ біреудің қайғысымен күн көру адамгершілікке жатпаса керек. Бұл күнде есірткі адам тәнін ғана емес, санасын да улайтын пәлекет болып отыр. Өз денсаулығымен қоса, қоғамдық өмірдің ақсауына, әлеуметтік тұтастықтық торын сетінететін бейбақтар өмір дегеннің қадірін соншалықты терең сезінбесе керек-ау. Әйтсе де адамды әлсіздігі үшін кінәлаудан аулақпыз. Бітрақ мықты болуға да насихат айтамыз. Түзейміз, түзетеміз.

Жуырда Алматы облысынның Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бір тәулікте есірткі өсімдіктерін өсіруді кәсіп етіп жүрген екі азаматты тұтқындады.

Оның бірі Енбекшіқазақ ауданының жиырма алты жастағы тұрғыны. Оның ауласынан тәртіп сақшылары жалпы салмағы  елу бір килограмм болатын қара сора өсімдігін тапқан.

Екінші заң бұзушылық, былайша айтқанда заңсыз өсімдік «бағын» өсіріп, «пайда» тауып отырған Іле ауданының елу төрт жастағы тұрғыны болған. Оның үйінің ауласынан полицейлер елу төрт түп марихуана өсімдігін тапқан.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша бұл екі азаматтың үстінен Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық  іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Екі күдікті азамат қазіргі уақытта уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған.

Ал Батыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары Ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, заманауи технологияларды меңгеріп, сонымен жұмыс істеп жатқан есірткі зертханасын тауып, көзін жойған.

Есірткіні бизнеске айналдырып, «нәпақа» тауып жүрген заң бұзушылар Теректі ауданында көлік тұрағын және ауладағы құрылысты сатып алып, одан жасырын есірткі зертханасын дайындаған. Зертхана соңғы техгологиямен жабдықталып, өнеркәсіптік ауқымда синтетикалық есірткі шығаруға есептелген. Ерекше тазалықта күмән тудырмас үшін ұсталған.

Жасырын, зұлымдықтың ордасы болған зертханадан полиция қызметкерлері шыны ыдысы бар екі конструкцияны, сондай-ақ мұздатқыш камераны анықтаған. "Зертхана" үй-жайында жасанды желдеткіш болған. Ауланың артқы жағына әрқайсысының сыймдылығы 1000 литр болатын үш дәу бөшке көмілген.

Үйді және зертхананы тінту барысында ұнтақ тәрізді заттар, қоспалар, химиялық заттардың концентраттары, сондай-ақ химиялық реагенттері бар канистрлер, қорғаныш костюмдері, респираторлар мен зертханалық жабдықтар табылды. Сонымен қатар, оқиға орнында 11,4 кг мефедрон синтетикалық есірткісі және 8,1 кг пировалерон алынды.

Бұл – Қазақстандағы ең ірі синтетикалық есірткі алу. Белгілі болғандай, есірткіні өндірумен біздің елімізге көктемде келген Украина азаматтары айналысқан, олар бірнеше жергілікті тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, оларды синтетикалық есірткі өндіру бойынша қылмыстық іс-әрекетке қатыстырған. Құрылысы бар үй сатып алу, оларды жөндеу және басқа да жұмыстар таңқурай бұталарын өсіруге жағдай жасау үшін бүркемеленген.

Ол үшін ЖШС тіркелген, ұсталғандар оған кент үйі мен автокөлікті рәсімдеген. Ұсталғандар бірнеше рет сынаудан кейін 2020 жылдың маусым айының соңында синтетикалық есірткі өндіре бастағанын мойындады.

Осындай зертхананы полиция қызметкерлері мамыр айының соңында Алматы облысының Талғар ауданында жойған болатын. Онда зертханалық жабдықтар мен химикаттардан бөлек, сатуға дайын алты келіден астам мефедрон тәркіленді. Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде 413 млн теңгеден астам сомаға дайындалған синтетикалық есірткінің 120 мың дозасы есірткі тұтынушыларға жеткен жоқ.

Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі "Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өткізу" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Жаза мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Адамнан айла артылмайды. Бірақ зұлымдықты қашанда жақсылық, ізгілік жеңеді. Адам баласының өмірі қастерлі, тіпті, қасиетті болуға тиіс. Ол өте бағалы, құны жоқ. Бірақ біз тегін тірі жүргендіктен оның қадірін еш білген емеспіз. Сондықтан да осындай пасықтықтар мен қылмыстарға барамыз.

Заңбұзушыларды анықтап, жазалаған тәртіп сақшыларына ризашылығымызды айта отырып, осындай жұмыстарын жалғастыра беруіне тілектеспіз.

Фото: ehonews.kz

Байланысты жаналықтар

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

01.04.2025

Сатыда зираттарды қиратқан күдікті ұсталды

28.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025

Алматы облысында 600 млн теңгеге алаяқтық жасағандар ұсталды

21.03.2025

Бір айда 17 есірткі зертханасы жойылды

28.02.2025

Алматы облысында тағы да жантүршігерлік жол апаты болды

26.02.2025
MalimBlocks
Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

1 сәуірде Алматы облысында аудандық сот ғимаратынан зорлау бойынша күдікке ілінген адам тергеу барысында қашып кеткен

Сатыда зираттарды қиратқан күдікті ұсталды

Алматы облысы Саты ауылында зираттарды қиратқан күдікті ұсталды

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты

Алматы облысында 600 млн теңгеге алаяқтық жасағандар ұсталды

Алматы облысында Telegram арқылы алаяқтықпен айналысқан қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен төрт қатысушысы ұсталды

Бір айда 17 есірткі зертханасы жойылды

Жыл басынан бері Қазақстанда 42 есірткі зертханасы жойылды, 45 күдікті ұсталды.

Алматы облысында тағы да жантүршігерлік жол апаты болды